banner

"Бұл – қарапайым дау. Бұғаттау туралы шешімді алып тастауды көздеп отырмыз"

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
3460

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев Ұлттық қордың 22 млрд долларын бұғаттауға қатысты Қазақстан инвесторлары мен серіктестерін "жұбатуға" тырысты.

"Бұл – қарапайым дау. Бұғаттау туралы шешімді алып тастауды көздеп отырмыз"

Ресейлік "Вести 24" телеарнасы журналисінің Bank of New York Mellon-де (BNY Mellon) бұғатталған ұлттық қордың 22 млрд долларына қатысты жағдай қалай өрбіп жатқаны және бұл шешім ЕАЭО елдері үшін қандай қауіп төндіруі мүмкін деген сауалына жауап берген Ұлттық банк басқармасының төрағасы Данияр Ақышев бұл оқиғаны қарапайым  дау деп атады.

"Бұғаттау туралы шешімді алып тастауды көздеп отырмыз, өйткені бұл активтер бойынша ақылға сыйымсыз жағдай. Екіншіден, бұл Қазақстанның Ұлттық банкісінің ақша-несие саясатына қауіп төндірмейді, себебі Ұлттық банктің қаражаттары (алтын-валюта қоры және т.б) еркін, ал ұлттық қордың активтеріне қатысты жағдайды әділет министрлігімен шешіп жатырмыз", – деді ол.

Данияр Ақышевтің айтуынша, бұл қарапайым дау, кезінде РФ швейцарлық "Нога" компаниясымен соттасқан кезде шетелдегі бірқатар ресейлік активтер бұғатталған.

"Бізде осындай жағдайға тап болып отырмыз. Бұл шешім экономикалық тәуекелдерге алып келуі мүмкін Қазақстанның және бірыңғай экономикалық кеңістікке кіретін елдер активтеріне қатысты қандай да бір жүйелі жұмысты қарастырады деп айта алмаймын, – деді Ұлттық басшысы. – Бұл дауға негіз болып отыр, активтерді бұғаттауға негіз болған бұл шешім алаяқтық жолмен алынған деп есептейміз. Сондықтан барлық қажетті сот процестерін жасап жатырмыз. Бұл мәселемен айналысып жатқан негізгі орган – бұл әділет министрлігі. Ұлттық банк бұл процеске басты көмекші және кеңесші ретінде толығымен қатысып отыр. Өйткен бұл активтерді салған біз. Тап қазіргі жағдайда шешім қандай болатынын айту ерте. Бұғатталған қаражаттың сомасы арызда көрсетілген мөлшерге сәйкес келмейтіні анық. Еске салар болсақ, 500 млн долларды талап ету арызы үшін 22 млрд доллар бұғатталған болатын", – деп Ұлттық банк басшысы істі нақтылап кетті.

Ол реттеуші бұл шешімді сот жүзінде даулайтын болады және қазір сот орындаушыларының негіз етіп алып отырған шешімінінің  алаяқтық жолмен алынғанын дәлелдемек деп атап өтті. 

"Мен бұл шешімге қатысты әзірше қандай да бір пікір білдіргім келмейді, өйткені кез келген пікірді қарсылас тарап сотта қолдануы мүмкін", – деп қорытындылады Данияр Ақышев.

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу