"ҚазБелАЗ" қызмет көрсетуді жетілдіріп жатыр

Қарағандыда карьерлік самосвал құрастырып, карьерлік техникаға жөндеу қызметін көрсететін "Қазақмыс" кәсіпорны Cummins қозғалтқыштарын жөндеуді меңгеріп алды.  

"ҚазБелАЗ" қызмет көрсетуді жетілдіріп жатыр

Қарағандыдағы "ҚазБелАЗ" бірлескен кәсіпорнында (БК) соңғы бес жылда 18 "БелАЗ-7547" карьерлік самосвалы құрастырылды. Бұл туралы abctv.kz-ке құрастыру өндірісінің атқарушы директоры Сергей Потылицин мәлім етті. Кәсіпорын 2000-шы жылдардың басында пайда болған. Оның 51% үлесі "Қазақмыс" мыс корпорациясына тиесілі, ал қалғаны құрылтайшылар – "БелАЗ" ААҚ (29%) мен "АстанаБелАЗСервис К" ЖШС-ның (20%) еншісінде.

"Карьерлік техниканы өндіретін беларусь өндірушілерімен жасалған келісім бойынша кәсіпорында 42-45 тонна жүк көтеретін шағын "БелАЗ"-ды құрастыру жоспарланған еді. "БелАЗ 7547" моделі қазір Беларусь елінде шығарылмайды, бірақ зауыт пен диллердің қоймаларында дайын өнімнің қалдықтары болды. Құрастыру өндірісін Қазақстандағы корпорацияның өндірістік алаңына көшірген кезде Қазақстанның мұндай жүк көтеретін самосвалдарға деген сұранысы жылына шамамен 15 бірлік деп бағаланған. Бірақ ішкі нарықтан басқа, Ресейге барлық ықтимал өнімнің 80%-на дейін сату жоспарланған болатын, ал бұл жыл сайын 60-75 машина шығару деген сөз. Алайда ДСҰ-ға мүше болу барлық жоспарды өзгертіп жіберді, енді жұмыс тәртібі мен талабы бойынша шектеу бар. Алайда Ресей мен Беларусь арасындағы карьерлік техникаға утилизациялық алым енгізілді, бізде мұндай алым жоқ, ал бұл біздің экспортқа шығуымызды шектейді. Сондықтан ішкі нарықты қанағат тұтамыз", – деді Сергей Потылицин әңгіме барысында. 

Оның айтуынша, бірлескен кәсіпорын өз жұмысын нақты құрастырудан бұрын техникаға сервистік қызмет көрсету, тораптар мен агрегаттарды жөндеуге шоғырландырған. Тиісті база жасалып, мамандар дайындалды, қажетті конструкторлық-технологиялық құжаттама әзірленді. Содан кейін "ҚазБелАЗ" АҚШ-та VIN-кодын алды, бұл "БелАЗ" кәсіпорнынан  әзірленген 7547 моделіне арналған құжаттаманы алу негізінде Қазақстанға краьерлік техниканы өндіруші-ел ретінде тіркелуге мүмкіндік берді. Құрастырылған 18 самосвалдың 16-сы сатылған, ал қалған екеуі өткізуге дайындалып жатыр.

 

"Қазақмыс" корпорациясы сегіз техниканы дайындап, Куу-чек (Қарағанды облысындағы көмір разрезі. – Ред.) разрезіне сатқан, ал төрт самосвал "Қазақалтынға" жеткізілді. Бір самосвалды  ERG-ға саттық, ал қалғаны цемент пен ұсақ тас өндірушілерге сатылды.

Қазір цехты модернизациялауға байланысты "Мейкер" (ҚҚМЖЗ) ЖШС-ның "ҚазБелАЗ" БК өндірістік алаңы орналасқан өндірістік алаңда бізге басқа цех дайындалып жатыр. Біз сол жерге көшеміз. Сол себепті биыл құрастыруды жоспарлап отырған жоқпыз, сервистік және жөндеу өндірісін қайта аттестациядан өткізіп, "БелАЗ" ААҚ тарапынан жаңа өндірістік алаңның дайындаушы-зауыт талаптарына сай келуін рұқсат ету құжаттарын жаңартамыз, сондай-ақ өнімді өткізу мәселесін шешу керек", – деп түсіндірді "ҚазБелАЗ" кәсіпорнының атқарушы директоры.

Кәсіпорын бас корпорацияның кәсіпорындарына сатылатын техниканы екі жылға бөліп төлеуге рұқсат береді және осы уақыт  ішінде аталған техникаға БК мамандары толық сервистік қызмет көрсетуге кепіл ұсынады. Аталған техниканың ресурсы пайдалану жағдайына қарай алты-жеті жылға есептелген. Дұрыс пайдаланып, жөндеу жүргізіп тұратын болса, техниканың рсурсы екі есе өседі. Сауданың баяулауынан, кәсіпорын барлық күш пен ресурсты сервистік қызмет көрсетуге салмақ, бұл негізгі табысты арттырады.

"Бүгінгі таңда БК-ның негізгі міндеті – сервистік қызмет көрсету мен пайдалану орнында техниканы жөндеу. Сондықтан жұмыстың басым бөлігі самосвалдарға тікелей карьерлерде қызмет көрсетуге байланысты болады. Мысалы, "Молодежный" разрезінде (Қарағанды облысындағы  көмір разрезі . – Ред.) карьерлік машиналар үшін сервис ұсынып келе жатқанымызға үш жыл болды, ол жердегі машиналар 130 тонналық. Қазір "Қаражыра" АҚ-пен келісімшарт жасадық, ол жердегі техника әртүрлі, яғни 220 тонналық, 130, 45-55 тонналық та бар", – деді Сергей Потылицын.

Жалпы алғанда БК-ның барлық сервисі тікелей көрсетіледі, тек кейбір операциялар ғана мердігер ұйымдарға қалады. Зауыт ақауы болған жағдайда ол жеткізушілердің кепілдік қызметімен ретке келтіріледі. Ал пайдалану процесінде жөндеуге "ҚазБелАЗ" араласады.

"Техниканың аты техника. Адами фактордың салдарынан да орын алатын жағдайлар мен "БелАЗ"-бен байланысты авариялар болып жатады. Машинаның қызмет көрсету нормативтік мерзімі сегіз жылға дейін, біз оны 11-12 жылға дейін ұзартамыз, алайда уақыт өте келе темірдің тозатыны анық. Әсіресе шамадан тыс жүк тиегенде, жаман жолдар мен қатты аяздарда кез келген жарық сыр бере бастайды", – деді Сергей Потылицын.

Сервиске қатысты тапсырыс үлкен болғанына қарамастан, кәсіпорын келешекте жаңа карьерлік техниканың моделін шығаруды игермек. Қарағандыдағы құю-машина жасау зауыты (ҚҚМЖЗ) шығарылатын техникаға бөлшектік бөліктерді дайындауға көмектеседі. Платформа мен жақтауларды, "БелАЗ"-дың бұдан да күшті машиналары құрылымның элементтерін шығаруды игеру жоспарда бар, бұл өндірісті жергіліктендіруді арттыруға мүмкіндік береді. Бөлшектер мен агрегаттарды дайындауға арналған жобалық құжаттаманың тізімін алдын ала мақұлдау бар, бірақ оларды  ҚҚМЖЗ-дан шығару серіктестердің саяси шешімін қажет етеді деп түсіндіріп кетті "ҚазБелАЗ" басшысы.

Өндірісті жергіліктендірудің арқасында "ҚазБелАЗ" - да құрастырылып, сатылған машиналардың құны "БелАЗ" машиналарына қарағанда 10-12%-ға төмен. Бұл ретте жергілікті құрастырудың тиімділігі қазір 8-12% шамасында. Құрамдаушылар доллармен сатып алынады, ал өнім ел ішінде теңгемен сатылады. Бірнеше жыл бұрын валюта бағамының шарықтап кеткен кезінде қосалқы бөлшектер мен детальдарды уақытылы сатып алғанның арқасында ғана шығынға ұшыраудан құтылып кеттік.

"Сертификаттау бойынша бізде жергіліктендіру үлесі 15,3%-ға жетті. Ал адвалорлық  (бұйымдағы ЕАЭО елдерінің өндіру үлесі. – Ред.) үлес 50%-дан асты. Сондықтан жергілікті қамту талаптарына әзірге шыдап келеміз. Сипаттама бойынша алып қарайтын болсақ, "БелАЗ-7547"  толығымен ресейлік және беларусьтық құрамдаушыдан құрастырылады. Қазақстандық құрамдаушыдан ол жерде тек аккумулятор ғана бар, бұл адвалорлық үлеске жатады. Үлкен жүк көтеретін техника үшін қымбат, гидравлика және автоматика элементтері бар Cummins қозғалтқыштары қажет, бұл ЕАЭО елдерінің үлесін азайтады. Өндірістегі "БелАЗ"-дың өз үлесі 50%-дан жоғары, осының нәтижесінде импорттық құрастыру бәрібір көп", – деп атап кетті Сергей Потылицын abctv.kz-ке берген сұхбатында.  

Кәсіпорын тап осы 130 тонна жүк көтеретін машиналардың Cummins қозғалтқышын жөндеу бойынша үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұрын осыған қатысты қиындық болатын, жергілікті жөндеу жұмыстарын жалғыз дилер арқылы тиімді жасау мүмкін болмайтын, ал шетелде жөндеу құны қымбат деп атап кетті екінші құрылтайшы- "АстанаБелАЗСервис К" ЖШС бас инженері Павел Ивченко.

"Құрастырумен қатар  "БелАЗ-75131", Cummins КТА 50 үлкен карьерлік самосвалдарда, сондай-ақ кішкентай техникадағы QX15 және  КТА-19-да  қолданылатын қозғалтқыштарды жөндеуді игеріп, қолданысқа енгіздік. Бұл жөндеу жұмысының бағасын шамалы қысқартады, біздің техникаға қызмет көрсететін карьерлер мен кеніштердегі бос тұрып қалуды азайтады. Біздегі "БелАЗах-7547" машиналарында Ярослав мотор зауытынан шыққан қозғалтқыштар тұр, оларды жөндеуге екі-үш апта кетеді. Үлкен қозғалтқыштарды қосалқы бөлшекті жеткізу мерзіміне қарай екі ай жөндейміз", – деп түсіндірді маман.

Кәсіпорын мамандары үнемі оқудың арқасында сервистік қызмет көрсетудің биік шыңдарын бағындыруда. Өндірісті іске қосу мен сертификаттау алдында мамандар жергілікті оқу комбинатында мамандықтарға, сондай-ақ "БелАЗ" зауытында қажетті мамандықтарға, оның ішінде конвейерлік құрастыруға қатысты мамандықтарға оқытылды. 

"220 тоннаға дейінгі техникаға қызмет көрсету үшін мамандар жыл сайын қайта даярлаудан өтіп, біліктілігін арттырады. Оқу әртүрлі бағытта, яғни "БелАЗ" машиналарына қызмет көрсету үшін қажет нақты салалық мамандықтарға қатысты зауыттық оқыту бағдарламасы аясында электроника, автоматика, ауыр қозғалтқыштарға қызмет көрсетудің жекелеген тораптары бойынша өткізіледі. Ал зауытта электрші мен матаушыларды техника қауіпсіздігіне оқытамыз", – деді "ҚазБелАЗ" атқарушы директоры Сергей Потылицын.

45 тоннадан астам жүк көтере алатын "БелАЗ"  қарапайым 7547 моделіне қарағанда толығымен электрлі. Сондықтан құрастыру кәсіпорнының жұмыскерлеріне арнайы дайындық қажет. Толық автоматтандырылған машина шетелдік Caterpillar машиналарынан кем түспейді деп отыр Сергей Потылицын. Сондай-ақ ол "баға-сапа" формуласы бойынша "БелАЗ"-дың цифрландырылған моделі қызмет көрсету мен пайдалану бағасы бойынша шетелдік бәсекелестерден екі есе асып түсетініне сенімді.

"БелАЗ" көліктерін шығарумен айналысқанымызға 20 жылдан асты. Барлық модель бойынша шығынды есептеп, салыстырмалы сараптама жасаймыз. "БелАЗ" карьерлік техникада үнемдеу бойынша кез келген шетелдік машинадан асып түсетіні сөзсіз. Әрине қайсысын таңдайтынын кәсіпорын басшылығы шешеді. Бірақ тіпті ең керемет деген Caterpillar 777 маркасын алып қарайтын болсақ, онда "БелАЗ" сенімдігі мен сапасы бойынша оған тең келетін 90 тонналық ауыспалы қозғалтқышы бар машинаны әзірледі. Бағасы бойынша алып қарасақ, ол едәуір арзан", – деді маман.

Сонымен қатар Сергей Потылицын "БелАЗ" техникасы жер асты жұмыстарына арналғанын, шетелдік машиналардың сапасымен әзірге салыстыруға келмейтінін айтты. Көп жағдайда "БелАЗ" бөлімшесі – Могилевск автозауытынан шығатын көмекші машиналар тұзды шахталарды әзірлеуге арналған. Олар көбінесе қазақстандық табиғат жағдайына сай келмей жатады, ол  Солтүстік-Жезқазған кенішінде және Южный Ствол карьерінде сынақтан өтті. 

Бірақ "БелАЗ" ААҚ құрастырушылары мен корпорацияның өндірістік кәсіпорындарының осы бағытта бірлесіп жасап жатқан жұмысы жалғасуда. Жақын арада бірлесіп әзірлеген базалық моделді корпорация кәсіпорындарында өндірістік сынақтан өткізу басталады деп ойлаймыз. Сынақтың жақсы өтуі корпорация кәсіпорындарында жұмыс істейтін арнайы жер асты техникасын әзірлеу мен дайындауға мүмкіндік береді, ал бұл жер асты әдіс арқылы өндірудің өзіндікқұнын айтарлықтай қысқартады.

Бірлескен кәсіпорынның алдағы әлеуеті жайлы айтар болсақ, онда тап қазіргі уақытта БК-ға тау-кен массасын тасымалдау мен қосымша техникаға қызмет көрсетудің барлық процесін аутсорсингке беру бойынша жұмыс жүріп жатқанын айта кету керек. Жаңа жылдан бастап "Молодежный" және "Куучекинск" разрезінде  жұмыстың осы кестесіне көшу жоспарланып отыр. Бұл БК жұмыскерлерінің түпкілікті нәтиже – тау-кен массасына қатысты жауапкершілігін айтарлықтай арттырады. "ҚазБелАЗ" БК"ЖШС ұжымы қазіргі таңда "БелАЗ" ААҚ және басқа да жеткізушілердің аталған мәселелері және тау-кен және арнайы техникасына толық техникалық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс істеп жатыр.

Гүлназ Ермағанбетова, Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу