"Туризмнің дамуына нақты үш министрлік кедергі болып отыр"

Аскар Муминов Аскар Муминов
3746

Саладағы бизнес өкілдері еліміз ЭКСПО-дан кейін кірме туризмге деген қызығушылық қарқынын ұстап тұра алмағаны айтып отыр.

"Туризмнің дамуына нақты үш министрлік кедергі болып отыр"

Туристік нарық қатысушылары үкіметтен туристік ағынды бір жылда  екі рет арттыруға қатысты Өзбекстанның тәжірибесіне мән беруді өтініп отыр. 

Олар Қазақстан Республикасында 2023 жылға дейін  туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның қабылдануына риза болып, дегенмен салада қордаланған проблемалардың аз емес екенін және тіпті көршілерден қалып қойғанымыздың өзі көзге ұрып тұрғанын тілге тиек етті. Тап бүгін, 25 қазанда, Алматыда шенеуніктер мен журналистердің қатысуымен аталған проблемаларға қатысты қоғамдық тыңдалым өтіп жатыр.

Қазақстандық туристік қауымдастық (ҚТҚ) директоры Рашида Шайкенова үкімет энергоресурстардың бағасы төмендегенде туризм елді дамыту үшін келешегі бар сала екенін түсінген сияқты деп отыр.

Бұл ретте туристік салаға мемлекеттің қолдауы ауадай қажет екенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, салаға ақша емес, мемлекеттің елге шетелдік туристерді тартатын қажетті инфрақұрылымды жасағаны керек. Қауымдастық директоры жөні түзу қонақүйлер, ұсынуға тұрарлық турпакеттер, виза мәселесін шешу қажет екенін атап кетті

Ол қазір елдің туристік нарығы кірме және ішкі туризмді дамыту бағыттарына қайта бағдарланып жатқанын айтты. Рашида Шайкенова қаражаттардың қайтарылуы туризмде өте ұзақ уақытты алатындықтан, салаға ұзақмерзімді несиелер, инфрақұрылымды дамыту үшін жер түріндегі заттай грант керектігін сөз етті.

Алакөлге барғаннан, Түркияға барған оңай

ҚТҚ басшысы қазақстандықтарға арналған тур-сертификаттар жүйесін құруды ұсынды. Соның аясында адамдар қолжетімді бағада отбасыларымен еліміздің Алакөл, Бурабай сияқты алдыңғы қатарлы курорттарына бара алатын болады. Ал қазіргі бағада бұл курорттарға ілуде біреу ғана бара алады.

Оның айтуынша, сондықтан жергілікті курорттардың қайтарымы төмен.

"Елдің ішіндегі баға осындай болғаннан кейін, адамдар, әрине, Түркияға барады", – деді ол.

Сонымен қатар ол балалар мен оқушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеу дұрыс болатынын айтты. Ол бұл бағдарламалар балалардың  демалыс үйлеріне, балалар лагеріне ұшып баруын субсидиялауға, жалпы көлік тасымалының бағасын төмендету үшін қажет екенін айтты. 

ҚТҚ басшысы шұғыл бесінші дәрежелі ашық аспан саясатының ережесін қабылдап, авиакеросин бағасына мемлекеттік реттеу енгізіп,  ұлттық лоукостерді құру керек деп отыр.

Бұл ретте, оның айтуынша, туристік сала мемлекетке масыл болмайды және салықтан босатуды да сұрамайды. Алайда бастапқы кезеңде қазынашылық жеңілдіктер қажет.

"Жабдықтардың барлығын кедендік баж салығынсыз сатып алуға мүмкіндік беріңіздер, өйткені оның барлығын шетелден сатып алу керек. Егер кәсіпорынды аяғына тұрғызып, ол пайда әкелетіндей етіп өсіріп шығаратын болсақ, онда барлық ақша мемлекетке салық түрінде қайтып келеді. Тіпті мемлекеттің алынбай қалған салықтардан шартты түрде 25 млрд теңге, ал сыртқы инфрақұрылымды дамытуға 300 млрд теңге көлемінде бюджеттің ақшасын салғаннан келген жоғалтуы, экономикаға шамамен 600 млрд теңге қосымша тікелей инвестициялар әкеліп, 60 мыңнан астам жұмыс орнын құрады ", – деді Рашида Шайкенова.

EXPO-дан кейін қызығушылықты сақтай алмадық

ҚТҚ директоры әлеуметтік желілерде ЭКСПО көрмесіне қатысты сын-пікірлер көп болғанымен, оны өткізу кезінде елімізге келген туристердің саны 18 есе өскенін айтты. Жергілікті операторлардың едәуір бөлігі қайта бағдарланып, кірме туризм бойынша жұмыс істей бастаған. Егер 2017 жылға дейін елдегі турфирмалардың 82%-ға жуығы көшпелі туризмге жұмыс істеген болса, ал қазір жағдай өзгерген. 2018 жылы ішкі турлардың көлемі 8%-ға өскен.

"Біздің басты ұсыныстарымыз туристік инфрақұрылымды, визаларды және көші-қон саясатын ырықтандыруға, туристік нысандар мен дестинациялардың көліктік қолжетімділігін дамытуға , туристік брендті ілгерілету, сервис және мамандармен қамтамасыз ету  стандарттарын жетілдіруге  байланысты", – деді Рашида Шайкенова.

ҚТҚ президенті Роза Асанбаева да көрмеден кейін Қазақстанға деген қызығушылық артты деп есептейді. Оның айтуынша, 2017 жылы әлем бойынша ЭКСПО-ны ілгерілетуге қатысты 90 road-show өткен, New York Times-тың жазуынша, Huffington Post-та 17-орын, TripAdvisor  америкалық саяхат сайтында ұсынылған.

Роза Асанбаев Қазақстанға деген қызығушылық артып тұрған кезде мемлекет саланы дамыту тұжырымдамасын әзірлеуге шешім қабылдағанын атап өтті. ҚТҚ президенті оның кейбір мақсатты  индикаторларын атап кетті. Жалпы бағдарламаға 5,8 млрд доллар жұмсау жоспарланып отыр, сонымен қатра Bed Tax, яғни шетелдіктердің тұрып жатқан жерінен алып кетуді әрбір болған күніне 2 доллардан енгізу ұсынылып отыр.

Түпкілікті мақсат - сыртқы туристік ағынды 6,6 млн адамнан 9 млн-ға дейін арттыру, ал ішкі туристердің санын 4,6 млн-нан 8 млн адамға дейін өсіру керек. Туризм саласында қызмет істейтіндер саны қазіргі 400 мың адамнан 650 мың адамға дейін жетуге тиіс. Ал ЖІӨ-ның саладағы үлесі 2025 жылға қарай 1%-дан  8%-ға дейін өседі.

Сонымен бірге Роза Асанбаева  мұның барлығы әзірге тек жоспар ғана екенін, ал нақты қазіргі көрініс нашар екенін мойындап отыр.

"ЭКСПО-дан кейін елімізге деген жоғары қызығушылық қарқынын сақтап қала алмадық. Тек тікелей қызығушылық және үкімет тарапынан бақылау болса  ғана, сала жаңа сапалы деңгейге көтеріле алады", – деді ол.

Бюрократтар туризмге кедергі келтіруде

Шығыс Қазақстан облысының туристік қауымдастығының атқарушы директоры Серік Жүнісов ақыр-соңында пайда болған тұжырымдама сала өкілдерінің бәрінің көңілінен бірдей шығып отырмағанын айтты.

Оның айтуынша, тұжырымдамада бизнестің ұстанымы ескерілмеген. Серік Жүнісов инвестиция және даму, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика сияқты министрліктер байланыс орнатқысы жоқ және туристік сала өкілдерінің дәлелдерін құлаққа қыстырмайтынын айтты.

Ол салалық министрліктер туризмді дамытқысы келетін мемлекет мүддесінен гөрі өздерінің жеке ведомстволық мүдделерін жоғары қояды. Оның айтуынша, бұған дейін де қадірі кеткен әртүрлі жүздеген бағдарлама болған, сондықтан бизнес осы жағдай тағы қайталанбайды дегенге сенбейді.

"Бізге кезеекті іске алғысыз бағдарлама қажет емес. Мысалы, көршілес Өзбекстанда мемлекеттік қолдаудың теңдесіз шаралары қабылданғанын және оның биылғы жылдың басынан бастап Өзбекстанға келген туристер ағынын екі есе өсіргенін көріп отырмыз. Бізге де осындай шара керек. Бірақ әзірге министрліктердің бюрократиясы бұған қол байлау болып отыр", – деді Серік Жүнісов.

Сала өкілдері атап көрсеткендей, туризм  – бұл  әлемдік ЖІӨ-нің 10%-ы, әлемдегі әрбір 10-шы жұмыс орны туризмде қалыптасады, әрбір 30 турист жаңа бір жұмыс орнын құрады.

Тұжырымдамада саланың инвестициялық тартымдылығы үшін басым туристік аумақтар режимін құру қарастырылып отыр, ол жобаларды мемлекет есебінен қажетті инфрақұрылыммен, жер учаскелері түріндегі заттай грантпен қамтамасыз етуге, КҚС-дан, мүліктік және жер салығынан 10 жылға босату түріндегі салықтық жеңілдіктер береді.  

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризмнің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бизнесті тарту арқылы ұлттық саябақтарды басқарудың жаңа үлгісі мен Америка, Канада және Аустралия үлгісінде ең үздік халықаралық тәжірибені енгізу ұсынылды.

Мемлекеттік бағдарламаға туристік саланың бағыттарын, атап айтсақ қолөнершілер, автокеруеншілер, ауылдық және аңшылық, этнографиялық және экологиялық, балалар-жасөспірімдер және медициналық, туризмнің басқа да салаларын қолдау бойынша шаралар енгізілген. Саланың дамуы 33 өзара байланысты салаға мультипликативтік тиімділік беруі мүмкін

Асқар Момынов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу