"Үлкен ақша табатын мүмкіндігіміз бар"

Тигран Оганесян Тигран Оганесян
7173

Армения сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Андраник Алексанянның айтуынша, бизнесті жүргізудің ортақ ережесінің болмауы – Қазақстан мен Армания арасында ынтымақтастықтың дамуына кедергі болып отыр.

"Үлкен ақша табатын мүмкіндігіміз бар"

- Андраник мырза, Армения мен Қазақстанның Еуропалық экономикалық одаққа мүше болуы екі елдің экономикалық ынтымақтастығына қалайша әсер етуде?

- Еуропалық экономикалық одақтағы ойын ережесін енді ғана қалыптастырып жатырмыз, соған қарамастан осы үрдістің "жемісін" бірден көргіміз келеді. Бұлай болуы мүмкін емес. Мысалы, баланың өзі 9 айдан кейін ғана дүниеге келеді ғой, сол сияқты бұл үрдісті де соншалықты жылдамдату мүмкін емес. Ал егер үрдісті жылдамдататын болсақ, онда барлығы біз ойлағандай болмауы мүмкін. Тіпті жеміс ағашының өзі жеміс беру үшін төрт жыл уақыт керек қой. Ең бірінші Еуропалық одақ ішіндегі "ойын ережесін" белгілеп алуымыз керек. Одақтан не алғымыз келеді, одақ бізден не күтеді, сондай-ақ оның құрамындағы мүше елдер нені күтетінін нақты анықтап алған жөн.

Бизнес саласында тәжірибем бар болғандықтан, бұған уақыт керек екендігін жақсы түсінемін. Мен өзім бизнесті үш кезеңге бөліп қараймын. Бастапқы кезең ( ең ауыр уақыт), орташа және соңғы кезең (жақсы уақыт). Біз қазір әр елдің басқа елден не күтетінін анықтайтын бастапқы кезеңдеміз. Орташа кезеңде "ойын ережесін" белгілейміз. Ал соңғы кезеңде барлық ойын ережесі анықталып болады да, еңбегіміздің жемісін көре бастаймыз.

Алайда қазірдің өзінде екі елді байланыстыратын жолдың жоқтығын көріп отырмыз. Сол себепті транзиттің жай-жапсарымен толық танысып алу керек. Мысалы, тауарды ұшақпен жеткізетін болсақ, тауарды қалай тиейтін боламыз, осыған қатысты әуежайда қандай қиындықтар туындауы мүмкін, оларды қалай шешу керек деген сұрақтың жауабын білу қажет. Мұның барлығы реттелу керек, өйткені екі ел бизнесмендерінің бизнесті жүзеге асыру ойлары бар. Менің білуімше, қазақтар білім беру, ғылым және басқа салаларда алдыңғы қатарда, енді тек бизнес ережесін белгілеп, екі елдің заңын білу ғана қажет.

- Армения мен Қазақтанның СӨП арасында қандай байланыс бар? Екі ел арасындағы ынтымақтастық қандай дәрежеде?

- Екі ел арасындағы байланыс жақсы. Бізге Қазақстанның облыстық СӨП өкілдері бірнеше рет келіп кетті. Қазақстандағы ұлттық кітапхана жақсы қалыптасқан, сол себепті Арменияның сауда-өнеркәсіп палатасында кітапхана саласындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт бар. Осыдан екі жыл бұрын армян-қазақ бизнес форумы өткенін атап өткім келеді. Ал ынтымақтастық ортақ коммуникацияның болмауынан ілгері баспай отыр.

Екі ел арасындағы байланыс өте жақсы деп баға беремін. Қазір ынтымақтастықты басынан бастайтындай емес. Келесі жылы жаңа бизнес-форум өткізу жоспарланып отыр. Оған екі елдің өкілдері қатысады. Екі елді бірдей қызықтыру үшін оны қандай салада өткізу керектігін анықтап жатырмыз. Біз бірқатар саланы белгілеп те қойдық. Бұл – IT, азық-түлік өнімдерін өңдеу, туризм және логистика саласы. Сонымен бірге форумды қай елде өткізетініміз әзірге белгісіз. Алайда жақын арада бұл мәселені шешеміз.

- Қазақстан Арменияға қандай тауарлар жеткізіп отыр? Сондай-ақ Армениядан Қазақстанға қандай тауарлар жеткізіледі?

- Қазақстаннан Арменияға азық-түлік, шикізат, көшірме қағаз, аяқ киім, косметикалық құралдар жеткізіліп отыр. Ал Армениядан шикізат, минералдар, темекі, кептірілген жеміс, зергерлік бұйым, спиртті ішімдік, дәрі-дәрмек, жеміс шырындары мен минералды су жеткізіледі.

 - Армения мен Қазақстан арасында ортақ коммуникациялық байланыстың жоқтығын есепке алсақ, сіздің ойыңызша, екі ел арасында тауар жеткізу үшін қандай жол тиімді?

- Қазақстаннан Иранның Бендер-Аббас портына, одан әрі Арменияға дейін көлікпен жеткізуге болады. Сондай-ақ Қазақстаннан Астраханға (Ресейге), содан кейін көлікпен Арменияға жеткізу кестесі де бар. Бұл кестені армян тауарын Қытайға тасымалдау үшін қолданғымыз келіп отыр. Ал Иран темір жол құрылысының салыну келешегі бар коммуникация саналады. Бұл жолдың маңызды бөлігі және ең қымбаты Арменияның Аграркасында салынып жатқан 10 шақырымдық туннель. Қазір бұл жер бұралаң жол, оны жүріп өту үшін кем дегенде үш сағат уақыт керек. Қазір құрылысты салатын инвестор қарастырылып жатыр. Қытай, жапон жіне армяндар қызығушылық білдіріп отыр. Бұл Армения мен Қазақстанды байланыстыратын ең тиімді жол. Бұл еуропалықтарды да қызықтырады. Әзірге Арменияның коммуникация және көлік министрлігімен бұл жолдың ең тиімді бағытын анықтап алуымыз керек. Содан кейін ғана жобаны инвесторларға ұсынамыз. Бір туннельді салудың өзіне мыңдаған доллар қаражат жұмсалады деп отырмыз.

- Армения үкіметінің 2016 жылдың 24 қарашасындағы Армения мен Қазақстан арасында әуе хабарламасы туралы келісімге қол қоюға рұқсат беру шешімі екі елдің экономикалық байланысына қалай әсер етеді?

- Маған басқаларға қарағанда кеңестік кезеңде өмір сүрген адаммен тіл табысу оңайырақ. Егер қазақтармен байланысты күшейтуге мүмкіндік көп болса, тіпті жақсы болар еді. Өйткені қазақтар еуропаланған халық, ал қосымша коммуникация екі ел үшін де тиімді болар еді. Әуе хабарламасы туралы шешім екі елдің қарым-қатынасын жиілетуге қосымша мүмкіндік береді.

- Қазақстанмен байланыс орнатуда қандай қиындықтар кездеседі? Армения мен Қазақстан арасында бизнесті дамыту үшін заңнама және салық алаңы қаншалықты ыңғайлы?

- Екі елге бір-бірімен жұмыс істеу және сауда жасау тиімді болу үшін біздің заңымызды Қазақстан заңымен сәйкестендіру қажет. Қазіргі уақытта екі тарап арасында сауданы жандандыру үшін ақпарат аз болып отыр.

- Өзара есеп айырысуды іске асыру үшін ЕАЭО-да бірыңғай валютаны енгізуге қалай қарайсыз?

- Менің ойымша, мұндай валютаны енгізу – Армения сияқты шағын елдерге тиімсіз. Мұндай валютаны бірте-бірте енгізу керек, оның өзінде қажет болғанда ғана енгізу керек. Бірыңғай валютаға бірден көшіп кетуге болмайды. Қазақстан сияқты 25 жыл бойы өзіміздің валютамызды қалыптастырдық. ЕАЭО құрамына кірген елдердің экономикасы бірыңғай валютаны құру туралы ойды қажет етіп отырған жоқ. Әзірге долларға тәуелдіміз. Егер бәрін бірыңғай валютаға айырбастайтын болсақ, онда ол баға реттеле ме, жоқ па әлі белгісіз шаруа. Өйткені ЕАЭО-ның идеясын өзіміз әлі толық ұғынған жоқпыз. Қазір бірыңғай валютаны емес, бизнес үшін ортақ ережені жасау маңыздырақ. Ең бірінші, экономиканы үйлестіру керек, содан кейін ғана бірыңғай валюта туралы ойлауға болады.

- Армения мен Қазақстан кәсіпкерлерінің ынтымақтастығы үшін ортақ шек бар ма?

- Бізде туризм мен жоғары технология саласында нақты шекара бар. Егер нанотехнологияларды қолдана отырып бірлесіп, ҒЗИ құратын болсақ, онда шағын жерде үлкен ақша табуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу