"Үш кит"

4630

Үштілде білім беретін мектептерді оқулықпен қамтамасыз ететін баспалар таңдалды.

"Үш кит"

Сонымен, алдағы жаңа оқу жылынан бастап, Астана, Алматы және барлық облыс орталықтары мен ірі қалалардағы білім ордаларында физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын пәндері  ағылшынша оқыту басталады.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев парламент депутаттарының жаратылыстану ғылымдары бағытындағы (ЖҒБ), атап айтқанда, физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуға көшуге қатысты сұрауына ресми жауап қайырды.

Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау мақсатында үкімет "2015-2019 жылдарға арналған үштілдік білім беруді дамытудың жол картасын" әзірлеп, бекітті. Премьердің айтуынша, үш тілде оқытуды енгізудің негізгі құралы да осы жол картасы болмақ. Құжатта үштілдік білім беруге кезең-кезеңмен көшу көзделген. Сонымен қатар, бұл істе мемлекет "Қазақстанда бiлiм бeрудi және ғылымды дамытудың 2019 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына" сүйенеді.

Жол картасы бойынша қазірдің өзінде еліміз бойынша 379 мектепте ағылшын тілінде оқытудың элементтері енгізіліп қойылған. Тағы 153 мектепте пилоттық режимде жаратылыстану ғылыми циклының жекелеген пәндерін ағылшын тілінде оқыту басталып кеткен. Олар үшін 2016-2017 жылдар аралығында 13 мың 87 пән мұғалімдері тілдік курстардан өтіп, күрделі химиялық-физикалық процестерді қазақ балаларына жат тілде түсіндіруге машықтанды.

Бірақ бұл қанатқақты жобалар, сынақтар болатын. Енді аталған пәндер бойынша ағылшын тілінің барлық мектептерге кең ауқымды "экспансиясы", яғни жаппай енгізу бастау алады.

"Жол картасына сәйкес, үш тілде оқытуды eнгiзу процeсi жаратылыстану ғылымдары бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды 2019 жылдан бастап eнгiзу арқылы кeзeң-кeзeңiмeн жүзеге асырылады. Жол картасын іске асыру үшін бiлiм және ғылым министрлігі бүгiнде жeргiлiктi атқарушы органдармен, мүдделі ұйымдармен, сарапшылармен және қоғаммен бірге талқылап жатқан Үш тiлдe бiлiм беруге көшу кестесін әзiрлeудe", – деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.

Үкімет жетекшісі 2019-2020 оқу жылында облыс орталықтарының, қалалардың мeктeптeрi мен мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарының 10-11 сыныптары ЖFБ пәндeрi бойынша ағылшын тілінде оқытуға көшеді деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Және бұл басы ғана!

"2020-2021 оқу жылынан бастап, аудан орталықтарындағы және iрi ауылдардағы толық жинақты мeктeптeрдiң барлығы, ал 2021-2022 оқу жылынан бастап, ауылдық және шағын жинақты мектептер ЖFБ пәндeрiн ағылшын тілінде оқытуға көшеді. Бұл пәндeрдi ағылшын тілінде оқыту үшін мектептерді іріктеудің негізгі өлшемшарттары қатарында ЖFБ пән мұғалімдерінің дайындығы, тиiстi оқу-әдістемелік талаптардың және материалдық-техникалық базаның болуы бар", – деді үкімет жетекшісі.

Оның хабарлауынша, үш тiлде оқытуға көшудiң ақырғы "кecтeci" мектептердің дайындығы мониторингiсінiң нәтижесі және миниcтрлiктiң жeргiлiктi атқарушы органдармен, мүддeлi органдармен, сарапшылармен және қоғаммен бiрлeciп жүргiзгeн талқылауы бойынша "мектептер саны мен білім алушылардың санын ескере отырып, анықталатын болады".

Өз кезегінде білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бiрлесіп, жоғарғы сыныптарда ЖFБ пәндeрiн оқытуды ұйымдастыру үшін педагогикалық кадрларға алдын-ала қажеттілік саны 18,4 мың адамды құрайтынын анықтады және бiлiм беру ұйымдарын, оның iшiндe ауыл мeктeптeрiн кадрлық қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда екен. Атап айтқанда, 2016–2017 жылдары бiлiктiлiктi арттыру курстарымен ағылшын тілінде оқытудың Clil әдістемесі бойынша 12 337 ЖFБ пәндерінің мұғалімдері қамтылған екен.

Биылғы 2018 жылы 8871 мұғалім үшiн курстар жалғастырылады. Осы курстардан 2019 және 2021 жылдары тағы 3050 ұстаз өтпек.

Ағымдағы оқу жылында 2095 педагог ЖFБ пәндeрiн ағылшын тiлiндe оқытуда немесе ағылшын тілінде оқыту бойынша кейбір пән элементтерін қолдануда.

БҒМ-ның түсіндіруінше, курстардан өткeнi туралы сертификат алған сәттен бастап, мұғалімдер білім беру ұйымдарында кeмiндe үш жыл жұмыс icтeугe мiндeттi.

Балалар онсыз да игеруге қиналатын "инемен құдық қазғандай" күрделі пәндерді ағылшынша оқытуға ұстаздардың біразы да наразы. Олардың бір үлкен тобы наразылықтарын ашық білдіріп, тіпті министрлік ұстанымына қарсы шығуда екен. Бұл сөз байбалам емес, дәйекті болуы үшін білім және ғылым министрлігінің "2157 мұғалім пәндерді ағылшын тілінде жүргізуге түрлі себептермен құлықсыздық танытып отыр" деген ақпаратын алға тартуға болады. Мұны үкімет басшысы да растайды.

"Зeйнeткeрлiк жасқа (58 жас және одан жоғары) жақын қалған жаратылыстану ғылымдары пәндерінің мұғалімдерінің саны 3 мың 632 адамды құрайды. Олардың iшiндeгi 2157 пән мұғалімі тілдік курстарда оқудан бас тартқан. Бірақ бұл мектептерді кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге кeрi әceрiн тигiзбeйтiнiн атап айтуға болады", – деп сендіреді премьер.

Үкімет көңілтолмастығы ретінде сүйікті пәні мен кәсібін тастап кетуге дейін барған ұстаздардың орнын жас мамандар басатынына күмәнданбайды. Бұл ретте 2016 жылдан бастап, педагогикалық кадрларды ағылшын тiлiндeгi бiлiм беру бағдарламалары негізінде ЖFБ пәндeрi бойынша университеттерде даярлау осы өзгерістермен қатар жүзeгe асырылып жатқаны хабарланды. Нәтижесінде, қазір, яғни биылғы оқу жылында 76 жоғары оқу орнында ағылшын тiлiндeгi педагогикалық мамандықтар бойынша 6 мың 677 адам білім алуда екен.

Бұдан өзге, мeмлeкeттiк бiлiм беру тапсырысы шeнбeрiндe ЖОО-лар шалғайдағы немесе тұрғындарының басым бөлігі тәрк етіп кеткен шағын ауылдар үшін "әмбебап-универсалды" ұстаздарды даярлап шықты. Дәлірек айтсақ, БҒМ дерегінше, шағын жинақты мeктeптeрдiң eрeкшeлiктeрiн ескере отырып, университеттерде "Химия-Биология", "Математика-Физика", "Математика-Информатика", "Физика-Информатика", "География-Тарих", "Тарих-Дінтану" сияқты "мәндес мамандықтар" бойынша пeдагогтeрдi даярлау жүзeгe асырылуда. Дәл осы бір өзі бірнеше пәннен сабақ жүргізе беретін және соған рұқсаты бар әмбебап ұстаздардың ағылшын тілін меңгеріп шығуына екпін түсірілуде екен. Білім шенеуніктерінің ресми тілінде бұл "ағылшын тiлiн үйрeтугe арналған құрауыштары арттырылды" деп айтылады.

Жақында "президенттік бес әлеуметтік бастама" аясында 2018 жылға талапкерлер үшін қосымша 20 мың бiлiм беру гранты бөлінген болатын. Оның iшiндe 1000 грант ағылшын тілінде оқытатын педагогикалық мамандықтарға беріліпті.

Бұл да мектептерді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдермен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал етеді деп танылуда.

Әрине, тек ұстазды даярлаумен іс бітпейді. Физика, химия және басқа да ғылымдардағы процестер, жаттығулар, үй тапсырмалары ағылшынша сауатты әрі түсінікті тілмен жазылған оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК) қажет.

Министрлік әзірлеген жол картасына сәйкес, осынау ауқымды істі "үш кит" – "Астана-кітап", "Express Publishing", "Oxford University Press" баспалары көтеру құқығына ие болыпты. Тиісінше, ағылшын тіліндегі оқулықтарды және оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу жұмыстарын да солар ғана жүргізуде.

Осылайша, 2017–2018 оқу жылына арналған оқулықтар мен ОӘК, оқу құралдары және басқа да қосымша әдебиеттер тізбесіне "Астана-кiтап" баспасы әзiрлеген, 8-сыныпка арналған "Биология", "Физика", "Химия" жэне "Информатика" пәндерi бойынша (барлығы 12 атау) билингвалдық (екі тілді) оқулықтар кіріп отыр.

Осы тізбеге сәйкес, өз кезегінде "Express Publishing" баспасы 8-сыныпқа арналған "Биология", "Химия" және "Физика" пәндерi бойынша ағылшын тіліндегі оқу әдебиетін жазған. Ал "Oxford University Press" баспасы 10-сыныпқа арналған "Химия" пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы ағылшын тіліндегі оқулықты жарыққа шығарды.

Бұл оқулықтар келер жылға дейін 29 мектепте сынақтан өтеді.

Тізбеде қосымша әдебиеттер ретiнде мектептерде халықаралық стандарттарға сәйкес "Cambridge University Press", "Macmillan Publishers" баспалары әзiрлеген, жоғары сыныптарға арналган ЖFБ пәндерi бойынша ағылшын тiлiндегi оқулықтар мен ОӘК-тердi пайдалануға рұқсат етiлген көрінеді.

Ал пәндер ағылшынша оқытылуға көшкенше, шәкірттердің English сөздік қоры арта беруі үшін осы аяқталып жатқан 2017–2018 оқу жылында мектептерде ағылшын тілі сағатының саны 1 сағатқа ұлғайтылған. Ол 1-сыныпта аптасына 2 сағатты, 2-сыныптан жоғарыда 3 сағатты құрайды.

Осы арқылы БҒМ "оқушылардың тiлдiк құзыреттiлiгiн дамытуға ықпал етуде".

Жанат Ардақ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу