banner

​230-дан астам ауру диспансерлеу тізіміне енбей қалған

Алина Альбекова Алина Альбекова
3157

Қазақстанда жыл сайын сүйек кемігін трансплантациялау бойынша 50-ге жуық операция жасалады.

​230-дан астам ауру диспансерлеу тізіміне енбей қалған

Егер 2012 жылы Қазақстанда жасалған трансплантацияның саны алтау ғана болса, 2017 жылы 47 трансплантациялау операциясы жасалған. Бұл туралы халықпен есептік кездесуде денсаулық министрі Елжан Біртанов мәлім етті. Оның айтуынша, еліміз балаларды шетелде емдетуге жіберуден бас тартатын уақыт алыс емес.

Министр педиатрлық көмекті жетілдіру – министрлік үшін маңызды міндеттердің бірі екенін атап кетті. Осы мақсатты іске асыру үшін педиатрлардың балаларды қабылдау уақыты ұзартылып, 0 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қабылдайтын учаскелердің жұмысы жаңартылған. Яғни биылғы жылы елімізде 50-ге жуық осындай учаске ашылған, жыл соңына дейін 650 учаскені ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар студенттерді педиатриялық факультеттерге қабылдау жүріп жатыр.

Денсаулық министрінің айтуынша, былтыр кардиохирургиялық, онкогематологиялық патология және туа біткен даму кемістіктері бар балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша бірнеше жұмыс топтары құрылған. Осының арқасында, туа біткен даму кемістіктерін шұғыл емдеудің оң нәтижесі 86% жағдайда байқалған. Жалпы соңғы бес жылда операциялар саны 28%-ға артқан.

"Балалар кардиохирургиялық қызметі өз әлеуетін арттырып жатыр. 2017 жылы жас сәбилердің туа біткен жүрек дамуы кемістігін жою бойыша 2,5 мыңнан астам операция жасалаған. Біз сыртқы есту жолының болмауы сияқты ауру түрлерін туа біткен есту кемістігіне реконструктивті-қалыпқа келтіру операцияларын жасау арқылы жеңуді үйрендік", – деді денсаулық министрі.

Салалық ведомствоның мәліметі бойынша, педиатрлық учаскелердің өсуімен бірге былтырғы жылы жалпы тәжірибелік учаскелер саны 12%-ға артқан, сондай-ақ дәрігерлердің саны да соншалықты өскен. Алайда, Елжан Біртановтың айтуынша, бұл жеткіліксіз. Бүгінгі күні бір ЖТД-ге Қазақстанда екі мың емделушіден келеді, ал ЭЫДҰ елдерінде бұл сан 1,5 мыңнан аспайды.

"Әр адамды жеке жалпы тәжірибелік дәрігермен қаматамасыз етуіміз керек. "Денсаулық" бағдарламасы аясында осыны бағдар етіп алдық. Қазіргі таңда бір дәрігерге 1700 адам деген жаңа норматив бекітілген", – деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл жұмыста дәрігер біліктілігіне қатысты айтылған барлық кемшілік ескеріліп, осыған сәйкес кадрларды дайындау бағдарламасы өзгертілген, сондай-ақ отбасылық медицина институты күшеюде.

"Көп жағдайда учаскелік дәрігер пациентпен тіпті жиі кездескен күннің өзінде оның бойында қандай әлеуметтік маңызды аурулары бар екенін білмейді. Себебі адам онкологиялық, психоневрологиялық немесе туберкулез сияқты басқа амбулаториялық диспансерлерде есепте тұрады, ал бұл жүйелердің бұған дейін өзара байланысы нашар болды. 2015 жылы біз емханаларда арнайы кабинеттерді ашу арқылы біріктіру процесін бастадық. Осының арқасында осы қызметтер арасындағы бірігу мен бұл ауруларды анықтау жақсарған", ­– деді ол.

Министрлік мәліметі бойынша, бүгінгі күні амбулаториялық-емханалық мекемелердің құрамында 236 туберкулезге қарсы, 1664 қарайтын бөлме, 392 онкологиялық, 287 маммологиялық кабинеттер ашылған. Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, бұдан басқа медициналық көмекті ұйымдастырудың тәсілдері қайта қаралған. Яғни баяу және тиімсіз диспансерлеуден ауруды белсенді басқаруға көшу іске асқан.

"Біздегі диспансерлеу тізімінде 262 ауру түрі бар, оның ішінде сирек кездесетін ауру бар бірегей елміз. Бұл сапа мен көмек көрсетудің қолжетімдігін қамтамасыз ете алмады, тек құжат жүзінде ғана жұмыс істеді. Барлығын сараптап, қазір біздің кәсіби қауымдастықпен және халықпен бірлесіп, негізгі екі ауру тобының тізімін жасаудың жаңа тәсілдерін талқылап жатырмыз. Бұл туберкулез, онкологиялық, ВИЧ және психатриялық сияқты әлеуметтік маңызы бар аурулар және 25 негізгі жұқпалы емес аурулар. Бұл өте ауыр ауру түрлері және 70% өлім мен 77 % ауруды береді. Мүмкін олардың саны көп болатын шығар. Оны қазір талқылап жатырмыз. Бұл ауру түрлерімен шындап күресіп, мақсатты түрде айналысып, аурулар дер кезінде тексерістен өтіп, қадағалауда болу үшін салалық мамандардың қызметі мен диагностиканы қолжетімді етуге қаражат салу керек", – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Осы арада денсаулық министрі 2015 жылы 16 өңірде және 52 медициналық ұйымда қан-тамыр гипертониясы, созылмалы жүрек ауруы, қант диабеті сияқты ауруларды басқару бойынша пилоттық жоба іске қосылғанын еске салып өтті. Пилоттық бағдарламаға 7 мың пациент қатысқан. Осының нәтижесінде пациенттердің 75%-ының қан қысымы тұрақталды, сондай-ақ қант диабетімен ауыратын емделушілердің 65%-нда оң динамика байқалған. Сондай-ақ ауруханаға жатқызу екі есе төмендеген.

"Енді біздің міндетіміз барлық негізгі ауруларды кезең-кезең бойынша осы бағдарламаға көшіріп, созылмалы аурумен ауыратын адамдардың жағдайын жақсартып, ауруханадан шықпайтындай емес, керісінше амбулаториялық деңгейде тексерілетін ету. Осы барлық ауру түрлеріне толық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету болады", - деп сендірді министр.

Есептік кездесу барысында жедел жәрдемдегі реформалар жайы да сөз болды. Қазіргі таңда 100 адамға 4 есе артық шақыртудан келеді, ал бұл дұрыс емес. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бұл емделушілер ауру асқынған кезде келгенде, ауруды басқарудың болмауымен байланысты.

"ЭЫДҰ елдерінде жедел жәрдем 10 минутта жетеді, ал бізде 25 минутта келеді.Сәйкесінше, жарақат алу мен уланудан қайтыс болғандардың саны дамушы елдерге қарағанда 6 есе көп, бұл осы мәселемен айналысу керектігін көрсетеді. Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бұл көрсеткішті айтарлықтай түсіру үшін қажетті шара қабылдауға тиіспіз. Осы мақсатта дыбыстық құлақтандыру мен жедел жәрдем машиналарын әрлеу стандарттары қайта қаралып, оның барлығы GPS жүйемен қамтамасыз етілді. Осылайша, жедел жәрдем машиналардың жетуі 25 минуттан 18 минутқа қысқарды, осының арқасында ауруханаға жеткенше дейін қайтыс болудың саны азайып, реанимацияның табыстылық көрсеткіші артты", – деді Елжан Біртанов.

Мұнымен қоса, жедел жәрдемнің бірыңғай диспетчерлік қызметі енгізіліп, жәдел жәрдемді шақыру шұғылдық категориясына бөлінді, шұғыл емес шақыруларды емханаларға беру, сондай-ақ бүгінгі күні кезең-кезеңмен жедел жәрдем қызметкерлерін реанимациялық көмектің әлемдік стандарттарына оқыту жүріп жатыр. Ведомство мәліметі бойынша, қызметкерлердің 60%-ға жуығы BLS немесе BWS халықаралық стандарты бойынша оқыған және қазір ауруларды реанимациялау бойынша нәтижелер көрсетуде.

Сонымен қатар министрлік күндізгі бөлімдердің қабылдау жұмысының және кез келген сала емделушілерін көпсалалы күндізгі бөлімге қабылдау дайындығының жаңа форматы бекітілді. Қабылдау бөлімдері жаңдайында жақында қабылдау бөлімінің дәрігері деген жаңа дәрігерлік мамандық енгізіледі. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бұл шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етіп, күндізгі бөлімдегі емделушілердің өлім-жітімін азайтады.

Гүлназ Ермағанбетова, Алина Альбекова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу