Жеке сот орындаушысы есік қағар болса

Соңғы кездері жеке сот орындаушыларының жұмысына шағым көбейіп кетті. Әлеуметтік желілерде адамдар өздерінің банктік шоты бұғатталғаны, айыппұл өндіріп алу туралы сот шешімдерінің сырттай шығарылғандығы жайлы айтып шағымдануда. Ал азаматтардың өзі бұл жайлы мүлдем хабарсыз болып, тек іс насырға шапқанда ғана біліп жатады. Аbctv.kz әділет министрлігімен бірлесіп, жеке сот  орындаушысының қандай өкілеті бар екенін және егер сот орындаушысы өз өкілетін асыра пайдаланғанда не істеу керектігін түсіндіреді.

–  Жеке сот орындаушысы қандай істер бойынша жұмыс істей алады? Жалпы оларға кімдер барады?

–  Жеке сот орындаушыларының барлық жұмысы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының  мәртебесі туралы" Заңда нақты белгіленген. Осы заңның 138-бабының 1-тармағы жеке сот орындаушылар мемлекеттен өндіріп алудан басқа жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау жатады. Заң мұндай құжаттарға не жататынын ашық көрсетіп берді.

1) мемлекеттен өндіріп алу;

2) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке және олармен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғадан өндіріп алу;

 3) табиғи монополиялар субъектілерінен немесе тауарлар және көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілерден өндіріп алу;

 4) өндіріп алу мөлшері бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу;

5) мүлікті тәркілеу не мүлікті мемлекетке беру туралы;

6) мемлекет мүддесіне жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою және басқа да істердің санаттары туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, осы Заңда көзделген барлық атқарушылық құжаттарды қабылдайды.

 Осылайша, егер атқарушылық іс жүргізу осы айтылған алты тармаққа жатпайтын болса, онда жеке сот орындаушысы оны жеке тұлғадан және заңды тұлғадан да қабылдай алады.

–  Жалпы, бұл механизм қалай жұмыс істейді? Сот орындаушысы неге іс насырға шапқанда бірақ айтып, ақша талап ете бастайды?

–  Әділет министрлігіндегілер бұлай етуге болмайды деп түсіндірді. Айыппұл салатын орган мен  мәжбүрлеп өндіріп алатын сот орындаушының әрекет ету тәртібі заңнамада анық көрсетілген.

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының  мәртебесі туралы" Заңы мен ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс талаптарына сәйкес, сот орындаушы өкілетті органнан мәжбүрлеп орындауға қаулыны қабылдайды. Мәжбүрлеп орындату туралы қаулышығарылымас бұрын  айыппұл салған мемлекеттік орган құқық бұзушымен өндіріп алуды ерікті орындау бойынша алдын ала жұмыс жасау керек. Құқықбұзушы өндіріп алуды ерікті түрде орындаудан бас тартқан жағдайда ғана мәжбүрлеп өндіріп алу туралы шешім қабылданады.

Бұл ретте құқықбұзушы өкілетті органға әкімшілік айыппұлды төлегенін растайтын құжатты өзі ұсынуға міндетті. Егер құжат ұсынылмаса, мемлекеттік орган айыппұлдың төленгенін білмейді, сол себепті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы шараны қабылдауы мүмкін.

Осылайша, әкімшілік айыппұл салған мемлекеттік орган аталған айыппұлды ерікті түрде 30 күн немесе үш ай ішінде борышкермен ерікті түрде төленген қолма-қол ақшамен өндіріп алу не борышкердің жұмыс орнына немесе борышкердің табыс табатын жеріне  қаулы жіберу арқылы  өндіріп алу үшін барлық шараны қарастыруға міндетті.

Тек ерікті орындау мерзімі біткен кезде борышкер ерікті түрде төлеуден бас тартса және жұмыс істемесе, не зейнетақы, не шәкіртақы алмаса, яғни бас табыс көзі болмаса, онда әкімшілік айыппұл салған орган мәжбүрлеп өндіріп алуға қаулы шығарады да оны жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді. Айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алуды орындатуға арналған қаулыға тұлғаға айыппұлды ерікті түрде төлеу хабарланғаны туралы фактіні дәлелдейтін құжат пен салық органының айыппұлдың төленбегені туралы анықтамасының көшірмесі қоса беріледі.

–  Жеке сот орындаушысы банк шоттарын бұғаттай ала ма?

–  Иә, бұғаттай алады. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының  мәртебесі туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, сот орындаушысы өзінің іс жүргізуіне қабылдаған атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану үшін негіз болып табылады. Заңның 32- бабына сәйкес, сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.

Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйелеріндегі орталық депазитарийдің жеке шоттарындағы және клиринг (кепілдік немесе резервтік) қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздарды  бұғаттау болып табылады: 

–  Егер мен айыппұлды баяғыда төлеп тастаған болсам, бірақ та сот орындаушысы неге екені белгісіз бұл туралы білмей, тек айыппұлды ғана қайта төлеп қоймай, сонымен қатар оның жұмысын төлеуді талап етсе не істеймін?

–  Сіз айыппұлды төлеп, бірақ айыппұл салған өкілетті органға айыппұлды төлегеніңізді растайтын құжатты ұсынбағансыз. Сондықтан сот орындаушыға төлегеніңізді растайтын құжатты көрсетуіңіз керек, содан кейін сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді тоқтату және орындауды қамтамасыз етуге қатысты барлық шараны жою  туралы шешім қабылдайтын болады. Мұндай жағдайда сот орындаушысының жұмысын төлеу жүргізілмейді, себебі айыппұл атқарушылық өндіріске басталғанға дейін төленіп қойылған.

– Мен барлығын төлеп, олар менің төлем жасаған туралы қағазымды жоғалтып алса, мен қайтадан ештең қарыз емес екенімді дәлелдеу керек пе?

 –  Өкінішке орай, жүйеде мұндай жаңылыс болады. Сондықтан, егер, мысалы, ЖЖЕ-ны бұзған туралы айыппұл рәсімделген болса, онда айыппұлды төлегеннен кейін жол полициясына келіп, төлегені туралы түбіртекті тіркеткен дұрыс.

Мемлекеттік органдар ақпараттық өзараәрекет ету жүйесін бірізге келтіріп жатыр. Әділет министрлігі  барлық мемлекеттік органнан атқарушылық құжаттыэлектронды түрде  алу үшін Атқарушы іс әрекет органдарының автоматтандырлыған ақпараттық жүйесін әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімімен өзараәрекеттендіру бойынша мәселе қаралып жатқанын айтты. Ақпараттық өзараәрекет етуді әзірлеу мен сынақтан өткізу 2018 жылға жоспарланған. Бұл жүйені электронды форматта іске қосқаннан кейін, әкімшілік айыппұлды төлеген туралы ақапарат шығып тұратын болады.

–  Егер жеке сот орындаушысы өз өкілеттігін асыра пайдаланатын болса, не істеу керек және қайда шағымдануға болады?

–  Жеке сот орындаушыларының өкілеттігі  "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының  мәртебесі туралы" Заңында нақты көрсетілген және ол асыра пайдаланылғанда жауапкершілкке тартылады.

Жеке сот орындаушысының жауапкершілігі заңның 150-бабымен қарастырылған. Жеке сот орындаушысының өзіне жүктелген міндеттер мен лауазымдық өкілеттіктерді орындамауы не тиісінше орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Яғни жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларға және басқа да адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін атқарушылық әрекеттерді жасау салдарынан келтірілген залалды өтеуге міндетті.

Заңның 127- бабына сәйкес, өндiрiп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөнiндегi шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкiн. Шағым Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмде сотқа берiледi.

Сондай-ақ жеке сот орындаушысының атқарып жатқан әрекетінің заңға сәйкес келуін және іс қағаздарын жүргізу ережесін сақтауын өкілетті орган, оның аумақтық органдары, жеке сот орындаушылардың республикалық және өңірлік  палатасы бақылайды.

–  Сот орындаушыларна қатысты келіп түсткен шағым қарастырыла ма?

– Міндетті түрде қарастырылады. Әділет министрлігінің мәлімет бойынша, 2017 жылы 2668 шағым түссе, 2018 жылдың бірінші тоқсанында 680 шағым түскен. Жеке сот орындаушыларан қатысты заңнаманы бұзғаны үшін дисциплинарлық жауапкершілік  , сондай-ақ оның лицензиясын тоқтату мен тыйым салу бойынша да шаралары қаралады.

Өткен жылы 1071 жеке сот орындаушысы дисциплинарлық жауапкершілікке тартылып, 85 лицензияның жұмыс істеуі тоқтатылды, 28 лицензия мүлдем жойлды. 2018 жылдың бірінші тоқсанында 139 ЖСО дисциплинарлық жауапкершілікке тартылып, 35 лицензияның жұмыс істеуі тоқтатылып, тоғыз лицензия мүлдем тоқтатылды.

Әділет министрлігі мынадай мысал келтірді. Жеке сот орындавушысының атқаруында жеке тұлғадан 527220 мың теңге мөлшеріндегі борышты өндіріп алу туралы өндіріс болды делік. Жеке сот орындаушысы борышкердің үйіне басып кіріп, оның мүлкін бұғаттамақшы болады. Конститутцияның 25- бабына сәйкес, баспана қол сұғуға болмайтын нысан болып табылады. Сот орындаушысының әрекеті заңсыз деп танылып, сонымен қатар қолданыстағы заң талаптарын  бірнеше рет бұзу фактілерін есепке ала отырып, жеке сот орындаушысының жұмыс істеу лицензиясы тоқтатылды.

Әділет министрлігі сот актілерін орындауда проблемалық сұрақ туындамас үшін азаматтардың өзі мойнындағы борыштарын атқарушылық құжат орындауға түскенге дейін дер кезінде төлеу керектігін ескертті.

Ирина Севостьянова