RU KZ
TV
RU KZ
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33 KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Ауа райы:
-1Астана
1.39Алматы
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38
Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33
KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7

Алматы өңірінде жаңартылатын көздермен жаңа екі электр станциясы пайда болды

Алматыда Қытай Республикасынан жеткізілген қондырғыны салтанатты түрде іске қосу шарасы өтті. 

Алматы қаласындағы "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында қуаттылығы бір мегаваттық күн электр станциясы іске қосылды. Ауданы екі гектар болатын жерге реттелмелі әрі стационарлық метал фермаларда орналасқан 3608 элемент қондырылды.

Ал Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Нұрлы кентінде екі жел генераторы жұмыс істей бастады. Қазақстанға қытайлық компания сыйлық ретінде ұсынған олардың жалпы қуаттылығы бес мегаватты құрайды. 

Бұл жоба Қытай және Қазақстан үкіметтері арасындағы келісім аясында іске асырылып отыр. Қазақстан тарапынан "Самұрық-Энерго" АҚ, ал қытай тарапынан Powerchina Zhongnan Engineering Corporation Limited әріптес болды. 

Келісім бойынша, "Самұрық-Энерго" жобаның инфрақұрылымын жасау және дайындауға, ұйымдастыруға қолдау білдіруге жауапты болса, қытайлық тарап нысанды тұрғызу және оған қажетті қондырғыны жеткізуді өз мойнына алды. 

Күн және жел электрстанцияларын пайдалануға енгізгеннен кейін олар қазақстандық тарапқа тапсырылып, "Самұрық-Энерго" құрылымына қабылданатын болады. 

Ашылу салтанатында сөз алған "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов елімізде "жасыл" энергетиканы дамытудың перспективалары және қытайлық компаниялармен әріптестікті дамыту жөніндегі жоспарлары туралы айтып берді. Ол Қазақстанның дербес жаңартылатын көздерден ғылыми-техникалық энергетикасын дамыту қажеттігін атап өтті. 

Монокристалды және поликристалды ұяшықтардан тұратын күн панельдері шамамен 25 жыл пайдалануға шақталған.

Күн элект станциясын тұрғызуға бір жылдай уақыт кетсе, жел генераторы сегіз айда тұрғызылды. 

Қазақстанның энергетикалық нарығына "жасыл" энергетика айтарлықтай үлес қосып жатыр деуге әлі ерте. Бүгінде "жасыл" көздерден өндірілген электр энергиясының үлесі 1% шамасында ғана. Ал әзірше еліміз көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларының электр энергиясына тәуелді.

Максим Морозов

Читайте в этой рубрике: