Қазақстан құрамасы әлемдік хоккей біріншілігіне дайындалып жатыр

06 Сәуір 2017 11:14

Қазақстанның шайбалы хоккей құрамасы әлем біріншілігіне дайындығын бастады. Жарыс Украина астанасы – Киевте биылғы жылдың 22-28 cәуірінде өтеді. Қазақстан командасының қарсыластары Украина, Аустрия, Корея, Польша және Венгрия елінің хоккейшілері болады. Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Эдуард Занковец әлем біріншілігінің жоғары дивизионына жолдама алуда басты қарсыластары Аустрия мен Венгрия құрамалары екенін айтады, алайда Қазақстан құрамасы білікті орындаушыларға толы екеніне сенімді. 4 сәуірде өткен бірінші жаттығуда Қазақстан қол астына алған солтүстік америкалық төрт хоккейші – Брендон Боченски, Найджел Доус, Дастин Бойд және Кевин Даллмэннан бөлек Солтүстік Американың бесінші өкілі  – канадалық Мартен Сен-Пьер да өнер көрсетті. Соңғы хоккейшіні Қазақстан өз құрамасына алуға дайын. Қақпаның негізгі қорғаушысы – Виталий Колесниктің ойын тәжірибесінің болмауы қазақстандық жаттықтырушыны алаңдатпайды. Оның ойынша, әлем біріншілігіне дейінгі өткізілетін төрт достық кездесу Виталий Колесниктің тез сапқа келуіне көмектеседі. Бұл ойындар 6-19 сәуірде өтеді. 20 сәуірде құрама Киевке ұшып, сәуірдің 22 жұлдызында Аустрия құрамасымен кездеседі. Жарысты 28 сәуір күні Венгрия құрамасымен кездескеннен соң аяқтайды.