banner

KADEX 2018: Әскери технологиялар және ғарыштық бағдарламаларды дамыту

25344

Астанада бесінші халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды.

Елордада қару-жарақ және жаңа әскери технологиялар - KADEX 2018 көрмесінің жабылу салтанаты өтті. Қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігі бірінші рет көрменің ұйымдастырушысы болды. Әлемнің 28 елінен келген 30-ден астам компания төрт күн бойы Астанада өз өнімдерін таныстырды.

Әскери технологиялар ғылым мен техниканың дамуына әрдайым қомақты үлес қосады және осы көрме соның дәлелі болды. Ұшқышсыз ұшатын аппараттарды дамыту мен оларды басқару жүйесі маңыздылыққа ие болуда. Сондай-ақ осыған ұқсас аппараттармен, радиобайланыс жүйелерімен күрес қарқын алуда. Көрме павильонында бақылау, қадағалау, ақпаратты қорғау құралдарына ерекше мән берілді.

Жаңа және жаңартылған әскери техника ашық экспозицияда орналасты. Қазақстан, Ресей, Түркия, Қытай мен Беларусь өнімдері көздің жауып алып тұрды. Сонымен қатар қатты желдің өтінде көрменің авиациялық бөлігіне қатысты экспонаттар тұрды. 

Екі күн бойы көрмені тек мамандар ғана тамашалады. Соңғы екі күнде көрмеге келген қарапайым адамдар Арлан және Барыс броневиктеріне мініп, әуе кемелерінің штурвалын ұстап көрді.

Үшінші күні көк аспанда авиациялық қойылым көрсетілді.

Өткен шараның қорытындысы бойынша қазақстандық кәсіпорындармен жаңа өнім шығару және қолда бар әскери техниканы жаңартуға қатысты жиырмадан астам келісімге қол қойылды.

Максим Морозов

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу