Парад дайындықтан басталады

40339
Парад дайындықтан басталады

2017 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай Астанада әскери парад өтеді.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы атаулы дата айрықша маңызға ие. Бұл парад осыған дейін өткізілген барлық парадтан әскери техника мен жеке құрамның көп жұмылдырылатындығымен ерекшеленеді.

Жоспар бойынша, Астанадағы Тәуелсіздік алаңынан 5000-нан астам әскери адам салтанатты маршпен сап түзеп өтеді. Парадқа 300 әскери техника қатысады. Қазақстан республикасы әуе қорғаныс күштерінің 80 авиациялық техникасы жиналған жұртқа Қазақстан авиациясының қуаты мен ұрысқа әзірлігін көрсетеді.  

Шара шеңберінде қазақстандықтарға тұңғыш рет 2016-2017 жылдары армиямыздың ұрыс арсеналын толықтырған заманауи қару түрлері мен әскери техниканы тамашалау мүмкіндігі беріледі. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу