Талғамға талас жоқ

19 Қазан 2018 11:43

Алматы қаласындағы 40-тан астам мейрамхана қалалық тамақ фестивалін өткізу идеясына қолдау білдірді.

Демалыс күні Алматының орталығында «Дәмді Алматы» қалалық фестивалі өтті. Ұйымдастырушылардың есебі бойынша, оған 20 мыңнан астам  адам келген. 

Бұл шара Қазақстан-Британ университетінің саябағында үшінші рет ұйымдастырылып отыр. 2015 жылы фестивальға 8000-нан астам адам қатысқан болатын. Ал 2016 жылы 15 000 адам қатысқан. 

Қала тұрғындарына  40-тан астам мекеме Алматының дәмін татып көруді ұсынған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға қатысу үшін 100-ден астам өтініш түскен. Бірақ олардың бір бөлігі фестиваль тұжырымдамасына сәйкес келмеген, ал кейбірі өтінішті кеш берген. 

Аспаздар қала тұрғындарына өздерінің басты асын ұсынып таңдай қаққызу үшін жандарын салды. 

Шара барысында тамақ пен жеңіл тамақтың қалай жасалатыны ғана көрсетіліп қойған жоқ. Сонымен қатар аспаздан гастрономия мен кулинария бойынша бірнеше кеңес алу мүмкіндігі болды. 

Фестивальдегі ең басты гастрономиялық хит – ет болды. 

Шара барысында жұлдызды мейрамхананың мәзірін жасау керек болатын деу қиын. Өйткені әр тағамның өз орны болды. 

Түркиядан келген аспаз еттен жасалған тағады жемейтіндер үшін фалафельді ұсынып жатты. 

Фестивальге келушілердің басым көпшілігі алматылық жастар болды. 

Ал қарны ашықпаған келушілерді ұйымдастырушылар спорт ойындарының бірнеше түрін ойнауға шақырды. Үстел теннисі, баскетбол қанды ойнатып, тамаққа деген тәбетті ашуға көмектесті. 

Саябақтың ішіне орындықтар мен керуетке ұқсайтын орындар жасалды. 

Сонымен қатар фестиваль кезінде сұлулық орындары да болды. Онда косметика саласының мамандары семинарлар мен шеберлік-сыныптарын өткізді. 

Қолдан бірдеңе жасауға деген ұмтылыс әр жастағы балалардың басын біріктірді. 

Ал балалар орталығының аниматорлары болса дәрумендер жайлы әңгімелер айтып балаларды демалдырды. 

Кішкентай сәнқойлар фестивальдің сұлулық аумағында уақыттарын жақсы өткізді.

Түстен кейін фестивальге келушілердің қарасы көбейді. 

Сонымен қатар заңсыз саудамен айналысатындар да бой көрсетіп қалды. 

Кофе ішуге  жеке орын ұйымдастырылды. 

Кофе жасауға арналған шеберлік-сыныптары сұранысқа ие болды. 

Алматылық атақты шебердің қалпағы грузин асханасының үстелінде жатты. Бұл қалпақша фестиваль тақырыбымен үйлесім тапты деуге болады. 

Фестивальді ұйымдастырушылар мен оған қатысушылар қала тұрғындарын таңқалдыруды мақсат еткен жоқ. Фестиваль көптеген кофеханасы мен жеңіл тамақ ұсынатын орындары бар еуропалық көшелерді еске түсірді. 

Ескі Алматы қаласы осынша «дәмді» болды ма? Болмаған шығар. Ал енді Алматы осындай «дәмді» болады дегенге сенейік…

Максим Морозов