RU KZ
TV
RU KZ
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33 KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Ауа райы:
-1Астана
2.38Алматы
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38
Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33
KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7

Жалт еткен жарқын өмір

Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған қатарынан бірнеше шара өтті. 

Өткен жазда орын алған  қайғылы оқиғаны Денис Теннің еліміздегі, сондай-ақ шетелдегі жанкүйерлері әлі күнге көздеріне жас алып еске алады. Жас, дарынды, өмірге ғашық спортшының қазасы тек оның жақындарына ғана емес, еліміз бен әлемдегі мыңдаған адамды сең соққандай қылды.

Қаланың қақ ортасында ұрылардың қолынан ажал құшқан спортшының өлімі халықты дүр сілкіндірді. Денистің жарқ еткен қысқа ғұмыры еліміздің ішкі істер министрлігінде қолға алынып жатқан реформаға түрткі болған еді. 

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдегерінің өзі туып-өскен үйінде ескерткіш тақтаның ашылуында аздаған олқылық та орын алғанын несін жасырамыз. Үйдің өтпе жолына орнатылған баннердегі қатені шараға арнайы келген қонақтар да, сол сияқты жерлестеріміз де байқап қалған екен. 

Ескерткіш тақта көңілдегідей болып шыққанымен, оны орнату кезінде бәрібір әттеген-ай болмай қалмады. Себебі оның тым биікке орнатылғаны соншалық, не жазылғанын сатыға шығып оқымасаңыз, көре алмайсыз.Талантты спортшыны Денис Теннің өзі мерзімдік борышын өтеген және кейін де келісімшарт бойынша қызмет еткен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскерлері де еске алды. 

"Ұлттық гвардия лейтенанты Денис Юрьевич Тен Алматы қаласының 7552 әскери бөлімінің сапында қала береді", – деді әскери қолбасшының орынбасары Мұхаметқали Сатов. 

Қазаға ортақтастығын білдірген генерал-майор Денистің әкесі - Юрий Александровичке Денис қайтыс болған соң берілген "Қоғамдық тәртіпті қорғауға қосқан үлесі үшін" медалін табыс етті. 

Өкінішке қарай, Денистің анасы Оксана Алексеевна шараға қатыса алмағандықтан "Отан қорғаушының анасы" медалін де ұлттық гвардия ардагерлері спортшының әкесіне табыс етті.

Максим Морозов

Читайте в этой рубрике: