«Атамекен»ҰКП құрылғанына 5 жыл

Атамекен 5 жыл бойы бизнеспен бірге. Бүгінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы билікпен кәсіпкерлер арасындағы алаң ретінде қалыптасты деп асқан сенімділікпен айтуға болады. Осы қысқа ғана уақытта не жасалды деп сұрайсыз ғой. Мысал ретінде айтсақ, 5 жастағы бала аяғына нық тұрып, өзінің кім және қайдан екенін біледі.  5 жылдық ағаш болса  өнім бере бастайды. Ал, бизнесті дамыту мен қорғауда 5 жыл дегеніміз аз ба әлде көп па? Біздің арнайы шығарылым дәл осы тақырыпта болмақ.

Спикерлер: Нұрболат Жұмағалиев - көліктік компания басшысы; Наталья Булатова - кәсіпкер; Жібек Әділбақытқызы - кәсіпкер; Кай Уве Доллер - «Аға сеньерлар» жобасының сарапшысы; Мөлдір Меңсұлу - кәсіпкер; Жәмилә Наурызбаева - кәсіпкер.

Тілші: Рустам Байдаулет.

Другие выпуски телепроекта
Подпишитесь на наш Telegram канал! Узнавайте о новостях первыми
Подписаться