Қазақстандағы нәрестелер өлімін азайтуға кім және қалай көмектеседі

UNICEF пен ДДҰ деректері бойынша Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында елдегі неонаталдық өлім-жітім көрсеткіші 23 промиллеге жетті.   

Қазақстандағы нәрестелер өлімін азайтуға кім және қалай көмектеседі

Бұл әрбір мың нәрестенің ішінен бес бала бір айға да жетпей көз жұмғанын білдіреді. Қазір жағдай бірнеше есе жақсарды - 2022 жылдың соңында нәрестелер өлімі 5 промилледен төмен болды. Бұл Еуропалық одақ елдеріне өте жақын және Орталық Азия елдері арасындағы ең жақсы көрсеткіш, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас неонатологы және Қазақстанның акушер-гинекологтары мен неонатологтары конгресінің президенті Бектұрған Кариннің пікірінше, еліміздегі нәресте өлімі жағдайының едәуір жақсаруы – бұл жаңа туған, әсіресе мерзімінен бұрын туған балаларға көмек көрсетуге байланысты кешенді шаралардың нәтижесі.

- Перинаталдық орталықтардың, перзентханалардың мыңдаған дәрігерлері мен медбикелерін біріктіретін еліміздің неонаталдық қызметінің негізгі мақсаты - медициналық көмектің сапасын ұдайы жақсарту. Ал сапа бірінші кезекте дәрігерлердің де, орта медициналық қызметкерлердің де біліміне, тәжірибесіне, дағдыларына байланысты. Екінші орынға перинаталдық орталықтардың ең заманауи әлемдік технологияларға, жаңа туған нәрестелерге күтім жасау тәжірибелері мен әдістеріне жауап беретін медициналық жабдықтармен жабдықталуын сенімді түрде қоя аламын. Бұл істе бізге AYALA қайырымдылық қоры көптен бері көмектесіп келеді. Бұл – елімізде 17 жылдан бері неонатология мен перинатологияға маманданған жалғыз ұйым. Біздің барлық қажеттіліктеріміз бен проблемаларымызды жақсы біледі, сондықтан әрқашан жабдықтар мен оқыту түрінде нақты көмекпен келеді, - дейді штаттан тыс бас неонатолог.

2007 жылдан бастап AYALA қайырымдылық қоры Қазақстан бойынша 2,3 миллиард теңгеден астам сомаға 67 медициналық мекемені жарақтандырды. Бектұрған Кариннің пікірінше, қор жобаларының арқасында еліміздің көптеген перинаталдық орталықтары алғаш рет өздерінің реанимацияларына CPAP (СИПАП) аппараттарын, шала туған нәрестелерге арналған инкубаторларды, автоматты гипотермияға арналған аппараттарды, ретинопатияны диагностикалау мен емдеуге арналған ретиналды камералар мен лазерлерді алды.

- Мемлекет әртүрлі себептерге байланысты барлық мекемелерді бірден заманауи жабдықтармен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан осы қайырымдылық қоры мен Денсаулық сақтау министрлігінің өзара іс-қимылы неонаталдық қызметтегі өткір проблемаларды барынша тез әрі тиімді шешуге көмектеседі, - деп есептейді сарапшы.

«Шеврон» компаниясының қолдауымен үш жыл ішінде облыстық перинаталдық орталықтардың барлық реанимацияларын арнайы инкубаторлармен және тыныс алу аппараттарымен жарақтандыруға қол жеткізілген шала туған нәрестелердің нәресте өлім-жітімінің төмендеуіне осындай әрекеттер себепкер болды. Нәтижесінде, бір айға дейінгі нәрестелердің өлім-жітімі жалпы ел бойынша үш есеге азайды.

- AYALA қайырымдылық қоры мен оның ірі серіктес компанияларының ынтымақтастығы Қазақстанның балалар денсаулық сақтау саласындағы бірқатар проблемаларды қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік берді. Мұндай серіктестік болмаса, оған көптеген жылдар кетер еді деп сеніммен айта аламын. Шала туған нәрестелердің ретинопатиясына мысал келтірейін: 2,5 жыл ішінде қор ел ауқымында шала туған нәрестелердің көру бойынша мүгедектігін нөлге дейін азайтуға көмектесті. Бұл жоба үшін, неонатологиядағы басқа да жобалар үшін ел бюджетінен жүздеген миллион теңге алуға тура келмеді. Мысалы, 300-ден астам бірлік медициналық техника: өкпені жасанды желдету аппараттары, инкубаторлар, реанимациялық үстелдер, феталдық мониторлар, шприцтік және инфузиялық сорғылар, фототерапия аппараттары, оттегі концентраторлары, электрлік сорғыштар, гипотермия аппараты, ЭЭГ монтиторингі аппараты, офтальмоскоптар, ретиналды камера, сарапшылық сыныпты УДЗ-аппарат, биохимиялық талдағыш және микроскоп – осының бәрі AYALA қорының серіктесі «Шеврон» компаниясының қолдауымен сатып алынды, мемлекеттік медициналық мекемелерге берілді және күн сайын балалардың өмірі мен денсаулығын табысты сақтап қалады, - деп атап өтті Бектұрған Карин.

Сарапшының пікірінше, медициналық қызметтің сапасын арттыру үшін неонатолог дәрігерлерге де, перинаталдық орталықтар мен перзентханалардың орта медициналық қызметкерлеріне де үздіксіз кәсіптік оқытудан өту өте маңызды.

- «AYALA онлайн академиясы» бейне-курстары бар платформа - өзінің тұрақты кәсіби дамуына мүдделі барлық дәрігерлер мен медбикелер үшін тамаша құрал. Жетекші практиктердің курстарын кез келген жерден көруге болады. 15 жыл ішінде «Шевронның» белсенді қатысуының арқасында қазақстандық және шетелдік мамандарды тарта отырып, ондаған тегін офлайн тренингтер, семинарлар мен конференциялар өткізілді. Олар менің жүздеген әріптестеріме Қазақстан халқына неонаталдық қызмет көрсететін медициналық көмек ретінде серпіліс жасауға көмектесті. Дәл осы жерде және қазір тәжірибеде қолданылған озық білім басты нәтижені алуға – нәрестелер өлімін азайтуға көмектеседі, - деп баса айтты штаттан тыс бас неонатолог.

Қазақстанның неонаталдық реанимацияларында қазіргі заманғы шетелдік жабдықтар пайдаланылады және онымен дәрігер ғана емес, орта медициналық персонал да дұрыс жұмыс істей білуі тиіс.

- Неонаталдық қызметті дамыту үшін, елімізде нәресте өлім-жітімінің көрсеткішін одан әрі төмендету үшін неонаталдық мейірбикелердің кәсіби құзыреттерін жетілдірумен айналысу өте маңызды. Сондықтан біз әр сәрсенбі сайын білім беру курстарын онлайн форматта өткіземіз. Олар үшін медбикелердің өздері қызықтыратын тақырыптарды дайындайды. Өткен жылы AYALA қорының, «Шеврон» компаниясының және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен алғаш рет Халықаралық неонаталдық медбикелер форумы өтті. Нәтижесі тамаша болды: кәсіби қауымдастық құрылды, біздің тәжірибеміз көрші Қырғызстанда қолдау тапты. Оған Орталық Азияның басқа да елдері мүдделі, - дейді спикер.

Қазақстан Республикасындағы неонаталдық қызметтің даму деңгейі мен сапасы туралы қазақстандық мамандардан басқа елдердегі әріптестеріміз көмек пен кеңес сұрап, біздің дәрігерлерімізді шетелдегі семинарлар мен конференцияларға шақырып жатқандығы фактісі көрсетеді.

- Тәжікстан мен Ресейлік неонатологтар неонаталдық өлім-жітімнің құпия аудиті бойынша онлайн-отырыстарға қатысты. Біз бұл талқылауларды дәрігерлер қауымдастығында ерте сәби өлім-жітімін қалаға және медициналық мекемеге байланыстырмай мұқият жасырын талдау жасау үшін жүргіземіз. Мұндай тәсіл практикада оқытудан басқа, дәрігерлерге өздерінің кәсіби қасиеттерін, баланы бақылау тактикасын, диагностиканы, емдеуді жетілдіруге мүмкіндік береді. Апта сайынғы талқылауға жас дәрігерлерді қоса алғанда 50-ден 100-ге дейін маман қатысады. Біз осы кездесулерді өткізуде қаржылық көмек көрсеткені үшін AYALA қорына алғыс айтамыз, - дейді Бектұрған Карин.

Сондай-ақ қордың қолдауымен Қазақстанда апта сайын неонатолог дәрігерлер әлемнің жетекші медициналық басылымдарында ағылшын тілінде жарияланған ғылыми мақалаларға талдау жүргізеді. Неонатологтардың «Журнал клубының» отырыстарына 5 елдің дәрігерлері қатысады. Жас қазақстандық мамандар әріптестерінің алдында олар аударған материалдар негізінде онлайн-баяндамалар жасайды. Талқылау барысында еліміздің барлық өңірлерінің дәрігерлері қоғамдастығы неонатология саласындағы жаңа әлемдік тәжірибеге қол жеткізе алады.

- Барлық неонатолог дәрігерлердің алдында тұрған басты мақсат, әрине, жаңа туған балаларға көмек көрсету сапасын жақсарту болып табылады. Оған мамандардың тұрақты дамуынсыз және еліміздің перинаталдық орталықтарын ең заманауи жабдықтармен жарақтандырмай қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан «Шеврон» компаниясының AYALA қайырымдылық қорының неонатология және перинатология саласындағы жобаларына белсенді қатысуы еліміз үшін маңызды көрсеткішті – нәресте өлімін төмендетуге көмектеседі, - деп атап өтті Бектұрған Карин.

AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова «Шеврон» компаниясының қазақстандық денсаулық сақтауды дамытудағы маңызды рөлін де атап өтті.

- Бұл көпжылдық ынтымақтастық БҰҰ орнықты дамудың 17 мақсатының біріне қол жеткізуді қоса алғанда, ұлт денсаулығына елеулі үлес қосады. Біз әрдайым әріптестерімізбен бірге озық медициналық технологиялармен, біліммен, сараптамамен және тәжірибемен өткір проблемаларды шешуде мемлекетке жедел көмек көрсете алатын жерде боламыз, - деп түйіндеді қор президенті.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу