Жоба туралы

14 Маусым 12:41

 

Atameken Business Channel –  бизнес жаңалықтарын тарататын қазақстандық мультимедиялық  тұңғыш арна. Агенттік интернет және телеарна саласындағы негізгі контенттік платформаларда ұсынылған.

ABCTV.kz  интернет-порталы –  тек LiveStream режимінде жұмыс істейтін, телеарнамен біріктірілген ақпараттық платформа. Біз Қазақстанның, ЕАЭО, ТМД және әлемнің өзекті жаңалықтарын ұсынамыз.

Телеарна бір уақытта Астана және Алматы қалаларынан ақпарат таратады. Студия қонақтары өз саласының жетекші мамандары - бизнесмендер, кәсіпорын басшылары, мемлекеттік билік пен қоғамдық ұйым өкілдері.

Atameken Business Channel телеарнасы сараптамалық бағдарлама, нарықтың беталысы мен дамуына қатысты болжам, мамандардың  түсініктемесі мен сараптамалық тұрғыдағы пікірлер мен көзқарастарды көрермен назарына ұсынады.

ABCTV.kz ақпараттық порталы –қаржы, экономика, саясат,  сараптама, рейтинг, қорытынды мен болжамдар, валюта бағамы, құнды қағаздар, қымбат металдар, шикізат және шикізат емес ресурстар нарығы, банк, биржа, компаниялар жайындағы жаңалықтар топтамасы.

Негізгі ақпараттық серіктестеріміз: Thompson Reuters, KASE, ForexClub, Interfax.