Әуежайларды дамыта алмаған Үкімет оларды жеке қолға таратуға мәжбүр

2605

"Эйр Астана" ұшқышына қатысты сорақы оқиға отандық авиацияның қазіргі "науқас"жағдайынан хабар береді.

Әуежайларды дамыта алмаған Үкімет оларды жеке қолға таратуға мәжбүр Фото: Pixabay.com

Inbusiness.kz AirAstana әуе компаниясыұшқышының ұшар алдында есірткі тұтынғанын жазды. Бұл ретте ұлттық әуе тасымалдаушысысонау 2021 жылдан бері есірткіге тәуелді адамды ұшақ басқаруға жіберіп келгені әшкере болды.  

Енді ғана белгілі болғанындай, 23 сәуір күні полиция Алматы әуежайынан Air Astana авиакомпаниясының екінші ұшқышы, 31 жастағы Қазыбек Әнуарбековті тұтқындаған. Қамауға алу кезінде ол есірткіге мас күйде болыпты. Тағы бір масқарасы, ол мектеп оқушылары арасынан болашақ ұшқыштарды тарту шарасына қатысу үшін Ақтауға аттанбақ болды. Яғни, жас ұрпақ алдына шығаратынеліміздің беткеұстар пилотының өзі нашақор болып шықты.

Осы орайда жаңа Үкімет басшысы Олжас Бектенов Парламент депутаттарына арнап, отандық азаматтық авиациядағы қазіргі ахуалға қатысты есеп ұсынды.

Бұдан бұрын, 2024 жылғы 29 қаңтарда, Брюссельде өткен Global Gateway форумының ашылу салтанатында Көлік министрі Марат Қарабаев "азаматтық авиация саласындамыту және континенттік транзиттік хаб құру үшін Қазақстанның отандық 22 әуежайды инвесторларға басқаруға беруді жоспарлап"отырғанын мәлімдеді. Елімізде небары 24 әуежай ғана бар.

Алайда Көлік министрі содан бері журналистерге оның егжей-тегжейін жария етпеген. Сарапшылардың байламынша, осыған Үкіметті бюджеттің жылдан жылға артқан орасан дефициті итермелесе керек.

Бұған енді топан су салдарлары қосылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясының кешегі отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: "Мемлекет қаржысын қатаң үнемдеу режимі енгізілетінін" жария еткені белгілі. Мұндай жағдайда әуежайларды бюджет есебінен дамытудың мүмкін болуы неғайбыл.

Өз кезегінде Үкімет басшысы да депутаттарға бірден 22 әуежайды жекешелендіружоспарларының жай-жапсары жөнінде ештеңе айтпады. Дегенмен, әуе порттары біртіндеп, жеке қолға беріліп жатқанын растады. Мысалы, Шымкенттің халықаралық әуежайы енді "SCAT" әуе компаниясының меншігі саналады.

"Тұтастай алғанда, авиация саласы – елдің көлік-транзит әлеуетін дамытуда ерекше мән-маңызға ие. Сондықтан инфрақұрылым объектілерін жаңғыртуға және жолаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға ауқымды капитал салымы талап етеді. Осыған байланысты жеке инвестицияларды, соның ішінде отандық компанияларды тарту жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, бүгінде Шымкент қаласының әуежайы "SCAT"Авиакомпаниясы" АҚ-ының сенімді басқаруына берілді. Компания төл қаражаты есебінен жаңа терминалдың құрылысын аяқтауда. Нәтижесінде, үшінші мегаполистің әуе қақпасының өткізу қабілеті сағатына қазіргі 150-ден 2 000 жолаушыға дейін артуға тиіс", –деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр бұл іске шетелдік инвесторлар мен капиталы бар шетелдік азаматтар тартылып жатқанын растады. Бірақ бүге-шігесіне тоқталмады. Тек мұның әлемде бар тәжірибе екеніне сілтеме жасады.

О.Бектенов былтыр Астананың "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын" басқаруға алған БАӘ-нің Terminals Holdingкомпаниясының жалпы саны 6 елде 10 әуежайды басқаратынын еске салды.

Алматы халықаралық әуежайын сатып алған түркиялық TAV Airports Holding 8 елдегі 15 әуежаймен ынтымақтасады. Ақтау мен Түркістан қалаларының халықаралықәуежайларының тізгінін өз қолына алған YDA GROUP 3 елде 11 әуежайды басқаруға қатысады.

2023 жылы Батыс Қазақстан облысы "астанасының" бас әуе қақпасы ресейліктердің қолына көшті. Ақпарат құралдарының және ресейлік холдингтіңбаспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылғы ақпанда ресейлік "Аэропорты регионов"компаниясы Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайының операторы – "Орал халықаралық әуежайы" ЖШС-ын сатып алу мәмілесін аяқтады.

"Инвесторлар ұшу-қону жолағын, аэровокзалдарды жөндеу, көрсетілетін сервистің сапасын арттыру үшін қосымша терминалдар салу бойынша өз мойнына міндеттеме алады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ұлттық қауіпсіздікке қатер төнсе, әуежайдың эксплуатантына қатысты уақытша басқару енгізілетінін еске салғым келеді", –деді Үкімет басшысы.

Өйткені әскери сарапшылар айтып жүргендей және Украинадағы соғыс пен басқа да қарулы қақтығыстар көрсеткендей, дұшпан қаланы басып алу үшін ең алдымен әуежайды өз қолына көшіруге күш салады.

Премьер-министр тағы бір елең еткізерлік жаңалықты жеткізді. 2022 жылғы 30 желтоқсанда Үкімет қаулысымен "Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы" бекітілген болатын. Онда2024–2025 жылдары еліміздегі әуежайлардың инфрақұрылымын жаппай модернизациялаубелгіленген. Сондай-ақ шағындау қалалардың да әуежайларын қалпына келтіріп, іске қосу жоспарланған еді. Биліктің бұл жоспарыорындалмай қалды. Ол осы мақсатынан бас тартуы мүмкін екен.

Осы орайда Олжас Бектенов "бүгінде Үржар,Ұшарал, Зайсан, Қатон-Қарағай, Қарқаралы, Ұлытау және Арқалық қалаларыныңәуежайларын салу және реконструкцияларудың қаншалықты орынды екенін анықтау жұмыстары жүргізіліпжатқанын" айтты.

Бұлардың біразы Ресеймен іргелес орналасқан. Ел жанашырлары және жергілікті жұртшылық шекара жақ жалаңаштанып қалмауы үшін ең құрыса аталған қалаларғашағын ұшақтардың тұрақты қатынасын жолға қою бастамасын көтеріп, соған қол жеткізгендей еді.

Сарапшылардың мәліметінше, қазіргі кезде ірілі-ұсақты 89 қаласы бар Қазақстанда небары24 әуежай ғана жұмыс істейді. Оның тек 17-сіхалықаралық мәртебеге ие, яғни ірі ұшақтарды қабылдай алады. Қалған жетеуі – ішкі аэродром ғана.

Бұл ретте бірнеше әуе қақпасы – Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Тараз бен Оралдың әуежайлары ғана тәулік бойы жұмыс істей алады және қонуға тура бағдарлау жүйелерімен (ILS-instrument landing system, PBN-performance based navigation)жабдықталған.

Әскери ұшқыштарды азаматтық ұшқышқа айналдыруда

Премьер елде азаматтық авиация кадрларын даярлауға көңіл бөлініп жатқанын хабарлады. Бұл миссия негізі, "Азаматтық авиация академиясына" жүктелген. Тиісінше, бұл ЖОО оқу процесіне қажетті заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етіліпті.

"Іс басындағы мамандардың біліктілігін арттыру және жаңа қабылданған кадрлардықайта даярлау мақсатында академияда 5 оқу орталығы – 3 халықаралық және 2 ұлттық орталық жұмыс істейді. 2023 жылы 324 курс бағдарламалары бойынша 2 740 тыңдаушы оқудан өтті. Оның 68-і – шетелдіктер. Бүгінде академия авиациялық білімі жоқ мамандарғада магистратура және докторантура бағдарламаларын ұсынады", – деді Олжас Бектенов.

2025 жылы академия "Baltic Aviation Academy Training" сияқты шетелдік серіктестерімен ынтымақтаса отырып, Еуропаның ұшу қауіпсіздігі агенттігінің сертификатын алуды жоспарлап отыр. Бұл оған "әуе көліктерінің пилоттары мен инженерлерін даярлау" үшінқажет.

Үкімет басшысы "Француз азаматтық авиация университетінің" филиалын Қазақстанда ашу жоспарланып отырғанын жария етті. Тиісті келіссөздер жүргізіліпті. Қазіргі кезде меморандумның тиісті жобасы дайындалып жатқан көрінеді.

Ұшқыш тапшылығын өтеу үшін Қазақстандаәскери ұшқыштарды азаматтық пилотқа қайта тәрбиелеу жүргізілмек. Олжас Бектенов әскери ұшқыштар мен инженерлерді азаматтық салаға қайта бағдарлап, пайдалану үшін академия осы бағытта Қорғаныс министрлігімен бірлесежұмыс жүргізіп жатқанын мәлім етті.

Сондай-ақ академия базасында "Авиациялық зерттеулер – Авиационные исследования"ғылыми-зерттеу институтын құру жоспарланып отыр. Оған салалық, іргелі және қолданбалы зерттеулер проблемаларын шешу жүктелмек.

Ұшақ та тапшы

Қазақстан ешбір санкциясыз-ақ әуе көліктерінің тапшылығына тап болды. Сенатор ҒалиасқарСарыбаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда әуе тасымалын небары 99 ұшақ жүзеге асырады. Оның ішінде "Эйр Астана" – 50, "Скат" – 33, "Qazaq Air" небары 5 әуе көлігін эксплуатациялайды.

Ұшақпен сапарлайтын отандық және шетелдік жолаушылар саны қарқынды артуда: 2022 жылмен салыстырғанда, 2023 жылы отандық авиакомпаниялар тасымалдаған жолаушылар саны бірден 21% артып, рекордтық 13 миллион адамға жетті.

"2030 жылға қарай Қазақстанда авиажолаушылар ағыны кем дегенде 24 миллион адамды құрайды деп болжануда. Ендеше келесі 6 жылда қазақстандық әуе компанияларының авиапаркі де екі есе көбеюге тиіс. Алайда соңғы 30 жылдағы флоттың жаңару қарқынын ескерсек, 2030 жылға қарай ұшақтар тапшылығының арту қаупі төніп тұр. Оның үстіне қолданыстағы әуе көліктерінің көнеруіне байланысты да авиапарк жыл сайын қысқара бермек", – деді ҒалиасқарСарыбаев.

Авиабилеттердің қымбаттығы да халықтың жүйкесіне тиіп, әлеуметтік кернеуді ушықтырады. Қазақстандықтар бауырлас Түркияда, іргедегі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейде өз өңірлері арасында ұшақпен сапарлау өте арзан тұратынын, бізде бұл бірнеше есе қымбат екенін көріп-біліп, ызаланып жүр.

Монополияға қарсы агенттік шаралар қабылдағанына қарамастан, баға қалыптастыруға қатысты ахуал сол бойы өзгермеді. Өйткені саланы олигополия жаулап алған. Көрші өзбек, қырғыз елдеріне барғаншетелдік лоукостердің бірде бірі қазақстандық нарыққа кірмеді.

Статистикалық деректер бойынша елде бір жылда "Эйр Астана" жолаушылардың 70%-ын, "Скат" – 23%-ға жуығын, ал, "Qazaq Air" –7%-ын тасымалдаған.

Осылайша, қазақстандық авиация "дертті", бірақ оны жаңа Үкімет те "айықтыра"алмайтынға ұқсайды. Бектенов Үкіметініңалдынан топан су, бюджеттің жаппай тапшылығы сияқты алапат сын-тегеурін тұрып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу