Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасына футбол сабағы енгізіледі

783

Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасына футбол сабағы енгізіледі

2022 жылы еліміздегі орта мектептердің 1-4 сыныптарының оқу бағдарламасына футбол сабағы енгізіледі. Сонымен қатар аймақтарда "Жас Қыран" лигасы құрылып, жасөспірімдер арасындағы тұрақты біріншілікке айналады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының 17-конференциясында қауымдастықтың бас хатшысы Азамат Айтқожин мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz.

Қазір еліміздегі футбол орталықтарында 6175 бала жаттығады. Жалпы 200 мың жеткіншек аяқдоппен айналысады. Алайда доп тебетін алаңдар жетіспейді. Осы мәселелерді шешу үшін "Алға, Қазақстан" атты футболды дамыту бағдарламасы қабылданды. Енді кәсіби командалардың жеке академиясы болуы керек.

Сонымен қатар федерация жанындағы техникалық орталықтың да жұмысы сынға алынды. Себебі жаттықтырушылар дайындауға тиіс орталықта біліктілігі төмен мамандар жұмыс істейді. Бұл олқылықты жоюға УЕФА-дан арнайы футбол мамандары шақырылды.

Жиында жасөспірімдер командалары құрылатыны да сөз болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу