Енді қызметкердің көңіл-күйі болмаса жұмысқа шықпауға рұқсат етілмек

3684

Көңіл-күйі жоқ, өзін нашар сезінген қызметкер 10 күнге дейін жұмысқа шықпай, демала алады. 

Енді қызметкердің көңіл-күйі болмаса жұмысқа шықпауға рұқсат етілмек Фото: freepik

Қытайлық Pang Dong Lai компаниясының басшысы Ю Дунлай мазасы қашып, өзін көңілсіз сезінген жағдайда қызметкерлеріне жұмысқа шықпауға рұқсат етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көңіл-күйі жоқ, өзін нашар сезінген қызметкер 10 күнге дейін жұмысқа шықпай, демала алады. Сондай-ақ компанияда жылдық еңбек демалысы 30-40 күнге дейін созылады. 

“Мен қызметкерлерімнің еркін болғанын қалаймын. Кім-кімде болмасын әлденеге көңілі толмайтын кездері болады. Сол себепті өзіңді бақытсыз сезінсең – жұмысқа келме”, - дейді Қытайдағы супермаркет желілерінің басшысы. 

Магнат ұзақ уақыт жұмыс істеуді насихаттайтын Қытай мәдениетін сынға алды. Ал компания қызметкерлері күніне 7 сағат қана жұмыс істейді. Одан бөлек демалыс күндері мен бірқатар жеңілдіктер бар. 

Әлеуметтік желіде аталмыш демалыс туралы ой бірден қолдау тапты. 

“Мұндай жақсы басшы мен ұжымдық мәдениет бүкіл елде насихатталуы керек”, “Дәл қазір Pang Dong Lai компаниясына ауысқым келіп кетті”, “Мен ол жақта өзімді бақытты сезінер едім, әрі сыйлы болар едім”, - деп жарыса жазды Weibo желісінің қолданушылары. 

Айта кетейік, қытайлықтар арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес елдегі жұмысшылардың 65%-ы жұмыс барысында өзін бақытсыз сезінеді екен. Оған себеп: төмен жалақы, күрделі тұлғааралық қарым-қатынас және ұзақ уақыт жұмыс істеу мәдениеті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу