Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

245

Іс-шараға Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесі қатысты.

Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды Фото: Ақорда

Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай аты аңызға айналған ұшқыш, 1945 жылғы Жеңіс шеруіне қатысқан қаһарман, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Еңселі ескерткіш 2021 жылы Астана қаласындағы Сарыарқа даңғылы мен Талғат Бигелдинов көшелерінің қиылысында бой көтерген болатын.

Іс-шараға Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесі қатысты.

Жиынға қатысушылар Жеңіс жолында ерлікпен шайқасқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу