Ет экспортына ветеринарлық сертификат берілді

985

Ет экспортына ветеринарлық сертификат берілді

Қазақстан ет экспортын Иранға шығаруға ресми рұқсат алды. Бүгін үкіметтің селекторлық отырысында Ауыл шаруашылығы бiрiншi вице-министрі Қайрат Айтуғанов сыртқа алдымен мұздатылған қой етін сатуға ветеринарлық сертификаттың берілгенін жеткізді. Сондай-ақ, Біріккен араб әмірлігі мен Қытай нарығына да өнімді жеткізу қарастырылып отыр. Қазір Израиль және Сауд Арабиясымен арада келісімдер жасалуда. Ет экспорты жылына 40 мың тоннаға дейін жеткізілуі мүмкін.

"Қабылданған шаралар қой етiнiң экспортын 53 пайызға, тiрi қойлар экспортын 7,2 есеге арттыруға мүмкiндiк бердi. Азық түлiк корпорациясы сыртқы нарыққа бидайдан басқа майлы дақылдарды жеткiзiп жатыр. Атап айтсақ, 3 мың зығыр Бельгияға экспортталды, жыл соңына дейiн 2 мың тоннадан өсiмдiк майы мен қой етi жеткiзiлмек", - дейді Қайрат Айтуғанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу