Қазақстанда шикізаттық емес экспорт 20 пайызға ұлғайған

1127

Қазақстанда шикізаттық емес экспорт 20 пайызға  ұлғайған

Қазақстан шикізаттық емес экспортты 20%-дан астам ұлғайтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Жалпы әлемде экономиканың баяу қалпына келуі байқалады. Қазақстан жыл басынан бері өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайтып келеді. Отандық өнімге сұраныстың көбеюі байқалады. Мысалы, 2017 жылғы 4 ай ішіндегі өңделген тауарлар экспорты 836 млн долларға (21%) өскен.

Шет елдерге жеткізілген тауарлардың 54%-ға жуығы - металлургия өнімі, 20%-дан астамы – химия өнеркәсібі, 13%-ға жуығы – отын және 7%-ы тамақ өнеркәсібі саласына жатады. Бағалардың өсуіне байланысты, ең көп өсімді металлургия саласы мен минералды өнімдер құрайды.

Отандық экспорттаушылар әлемнің барлық елдеріне экспорт көлемдерін арттыруда. Қытай және Ресей Қазақстанның шикізаттық емес экспортының негізгі өткізу нарықтары болып қалуда және 40%-дан астам үлесті алып отыр. 2017 жылғы 4 ай қорытындылары бойынша мұндағы экспорт сәйкесінше 21% және 27% өскен. БАӘ-ге 32 мың тонна мыс өнімі экспортталған.

Еске сала кетейік, қазір екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты өсіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ЕО елдеріне, атап айтқанда Батыс және Шығыс Еуропаға жеткізілімдер 8%-ға өсіп келеді.

Өткен жылдан бастап Вьетнамға экспорт көлемі қарқынды түрде өсіп келеді және 2017 жылғы 4 ай қорытындылары бойынша негізінен мырыш және қорғасын экспорты 91 млн АҚШ долларына дейін 4 есе өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу