Қазақстандық пен америкалық боксшының жекпе-жегі өткізілмеді деп танылды

637

Қазақстандық пен америкалық боксшының жекпе-жегі өткізілмеді деп танылды

Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов пен америкалық Морис Чалмерстің жекпе-жегі өткізілмеді деп танылды, деп хабарлайды prosports.kz.

Кездесу жартылай орта салмақ лимитінде өтуге тиіс болған. Боксшылар салмақ өлшеу рәсімін де сәтті өткізген еді. Жекпе-жек алты раундтан тұрады деп есептелді. Алайда BoxRec сайтында жекпе-жектің нәтижесі NC (No contest) деп көрсетілген, бұл кездесудің өткізілмеді деп танылғанын білдіреді. Бастарының соғылып қалуынан Эюбовтың қарсыласының қабағы жарылған. Дәрігер жекпе-жекті тоқтату керегін айтқан. Сөйтіп, рефери жекпе-жекті тоқтатып, өткізілмеді деп есептелетінін хабарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу