Қазавтожол жол тазартуға жылдағыдан екі есе көп техника жалдамақ

725

Қазавтожол жол тазартуға жылдағыдан екі есе көп техника жалдамақ

Биылғы жылы Қарағанды-Астана трассасын қардан тазартуға өткен жылмен салыстырғанда екі есе көбірек техника пайдаланылады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қыста Қарағандыдан Астанаға дейінгі жолды қар басып, елордаға жету қиындайды. Осыған жауапты"ҚазақАвтоЖол" компаниясының басшылығы бұл проблеманы шешу үшін қосымша техника жұмылдырмақ.
"ҚазақАвтоЖол" Анар станциясының маңындағы жол учаскесіне қосымша 30 бірлік техника жалдайды, - деп мәлімдеді "ҚазақАвтоЖол" ҰК" АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Қанат Шаймин. – Тағы қосымша олардың өздерінің меншікті 11 бірлік техникасы бар. Өткен жылы, салыстырар болсақ, шамамен жиырма бірлік техника жұмыс істеген, бірақ соның өзінде де үлгермеген. Биылғы жылы техника жеткілікті, проблемалар болмауға тиіс деп ойлаймын. 
Оған қоса, облыс бойынша жалпы ұзындығы сегіз шақырым қар тоқтатқыш құрылғылар орнатылған". 
Өткен аптада "ҚазақАвтоЖол" ЖШС қарағандылық филиалының жаңа басшысы ауысқан болатын. Ол лауазымға осыған дейін "ҚазАвтоЖол" АҚ Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары қызметін атқарған Айбол Бидайбеков тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу