Көктайғаққа байланысты Қазақстанның шығысындағы жолдар жабылды

652

Көктайғаққа байланысты Қазақстанның шығысындағы жолдар жабылды

Шығыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты бірнеше жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "ҚазАвтоЖол" ЖШС деректеріне сілтеме жасап.

Ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) Өскемен- -Зыряновск-Қатонқарағай-Рахманов қайнарлары жолының Ушаново елді мекенінен Зыряновск  қаласына дейінгі учаскесі жабық.

10 наурыз күнгі кешкі 23:20-дан бастап көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтатылды.

Аталған автожолдың Северное ауылынан Серебрянск қаласындағы бұрылысқа дейін 2017 жылдың қарашасынан бері тіркемесі бар жүк көліктеріне жол жабық.

Сондай-ақ қысқы маусымда  жол қозғалысын қауіпсіз ету мақсатында Осиновский асуында да шектеу енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу