Конгода 2 миллионнан астам балаға ашаршылық қаупі төніп тұр

670

Конгода 2 миллионнан астам балаға ашаршылық қаупі төніп тұр

Барлығы гуманитарлық көмекке мұқтаж. Егер дер кезінде азық-түлік жеткізілмесе, жағдай ушығуы мүмкін. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық мәселелер жөніндегі жоғарғы комиссарының өкілі Йенс Лерке мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы күндері аштық жайлаған аймаққа ұйым мүшелері барып, ахуалды бағамдап қайтады. Бұл сапар 11-13 наурызға жоспарланып отыр.

Айта кетейік, аймақтағы дағдарыс салдарынан бүгінге дейін елден 4 жарым миллион адам бас сауғалап көшіп кетті.

"Бір үзім нанға зар болған халыққа көмек беретін тұрақты донарларға жаңа қолдаушылар қосылады деген үміттеміз. Бұл – ауыр қасірет. Оларға жұмыла жәрдем беру адамзаттық борышымыз деп білемін", – дейді БҰҰ гуманитарлық мәселелер жөніндегі жоғарғы комиссарының өкілі Йенс Лерке.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу