Ольга Рыпакова жаңа маусымға дайындықты бастады

694

Ольга Рыпакова жаңа маусымға дайындықты бастады

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жаңа маусымға дайындықты бастап кетті. Спортшы кеше Таиланд астанасы Бангкок қаласына келді, деп хабарлайды prosports.kz.
Спортшы 28 ақпанға дейін Бангкокта жаттығады. Рыпакова бұған дейін дайындалған, өзіне жақсы таныс стадиондардың бірін таңдап алыпты. Екі апта ішінде негізгі басымдық жалпы физикалық дайындыққа беріледі.
Ал наурызда Түркияның Белек қалсына барады. Былтырғы жылы ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны өткен жерді таңдап отыр. Бұл база барлық спортшылардың көңілінен шыққан болатын. Сондықтан Ольга да сонда дайындалуды жөн көріпті. Белекте спортшы техникалық жаттығуларды бастайтын болады.
Сәуірде күн жылыған соң Алматыда жарыстарға дайындалады. 2018 жылдың алғашқы додасы былтырғыдан 1 ай ерте басталады. Яғни Рыпакова 12 мамырда Шанхайда өтетін "Гауһар лигасына" қатысады.
Айта кетейік, жеңіл атлетикадан ұлттық құаманың көшбасшысы 2017 жылы Лондондағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған. Одан кейін Цюрихтағы "Гауһар лиганың" финалында топ жарған. 2017 жылғы ең үздік көрсеткіші – 14.77 метр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу