Ортақ құндылықтарды ЮНЕСКО тізіміне енгізбекші

814

Ортақ құндылықтарды ЮНЕСКО тізіміне енгізбекші

Қазақстан мен Татарстан материалдық емес, ортақ мәдени мұраны қорғауды қолға алды. Екі елдің ортақ құндылықтарын ЮНЕСКО тізіміне енгізу көзделген. Ол үшін қазір тиісті құжаттар дайындалып жатыр. Бұған дейін еліміздің жазушылары Қазанға барып, мұндағы кітапханалардан қазақ батырларының сирек кездесетін жырлары мен бұрынғы ауыз әдебиетінің нұсқаларын тапты. Бұдан бөлек соңғы 3 жылда қазақстандық авторлардың 6 кітабы татар тіліне аударылды.

"Ақын-жазушыларымыздың туындылары татар тіліне көптеп аударылып жатыр екен. Осының барлығы туысқандығымыздың бір көрінісі", - деді ҚР жазушылар одағының мүшесі Шарбану Бейсенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу