Назарбаев мектебінің мұғалімдері осы айда ұлттық нақыштағы киіммен жүреді

902

Назарбаев мектебінің мұғалімдері осы айда ұлттық нақыштағы киіммен жүреді

Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің кураторлары бір ай бойы ұлттық нақыштағы көйлек киіп жүрмек, деп хабарлайды Егемен Қазақстан.

Ел көлемінде осымен үшінші жыл қатарынан атап өтілген Алғыс айту күнін білім ордасының ұстаздары қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген көйлектерді киіп, ұлттық әшекейлерді тағып тамаша көңіл-күймен қарсы алды.

Зияткерлік мектептің кураторы Шолпан Чакиртенова оқушыларға ұлттық нақыштағы киімдердің әсемдігін, көркемдігін ғана емес, киюге қолайлылығын да паш етуді мақсат қылғандықтарын айтады.

"Бабадан балаға қалған құнды мұраларымызды өзіміз насихаттамағанда кім насихаттайды? Алла сәтін салса, Наурыз мерекесі қарсаңында оқушы қыздарымыз да әшекейлерін, сыңғырлаған шолпыларын тағып шығады", – дейді ол.

Мектептің баспасөз хатшысы Роза Құмарғажинаның сөзіне сенсек, білім ордасының ұстаздары жыл сайын ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық киімдерді киіп жүруді игі дәстүрге айналдырған. Ал біз сөз етіп отырған тамаша акция осы айдың соңына дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу