Робот сот орындаушы 3 мыңға жуық айыппұл өндірді

214

Робот жеке сот орындаушы тегін қызмет көрсетеді.

Робот сот орындаушы 3 мыңға жуық айыппұл өндірді Фото: Canva.com

Таразда қаласында іске қосылған Робот жеке сот орындаушы 3 мыңға жуық айыппұл өндірді. Жаңа жобаның арқасында ел азаматтары 2 млрд теңгеге дейін үнемдей алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли робот сот орындаушының жұмысына түсінік берді.

Жаңа жоба 10 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдарды өндіре алады. Енді бұрынғыдай салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда оның 25%-ға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндеттелмейсіз. Робот сот орындаушысы бұл қызметтерді тегін көрсетеді.

"Бұл жеке сот орындаушы қызметіне ақы төлеу бойынша азаматтардың қаржылық жүктемесіне, сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі құжаттан және адами фактордан толығымен бас тартуға оң әсер етеді. Қазіргі уақытта робот 2876 атқарушылық өндіріс қозғады, 4 278 876 теңге сомасына 226 өндіріс төленді",  – деді Т. Уәли министрлік ұйымдастырған брифингте.

Жақын арада пилоттық жобаны республикаға тарату жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, министрлік әділет органдары салаларын цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударады.

Мәселен, 29 ақпаннан бастап Kaspi қосымшасында қозғалған атқарушылық іс жүргізу туралы хабарлама іске қосылды.

Биылғы 4 наурыздан бастап коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет "Электрондық үкімет" порталында қолжетімді болды.

Осылайша, коммерциялық емес ұйымдар енді eGov порталы арқылы мемлекеттік қызметті алуға өтініш береді.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және eGovMobile Business қосымшасында заңды тұлғалар үшін онлайн сенімхат жобасын іске асырып жатыр. 

Осылайша, заңды тұлға басшылары өз қызметкеріне сенімхатты электронды түрде бере алады.

Нәтижесінде осындай сенімхаттар "Цифрлық құжаттар" сервисінде одан әрі талап ету орны бойынша ұсынылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу