Сирияға әуеден оқ жаудырған ұшақтың қай мемлекетке тиесілі екені белгісіз

827

Сирияға әуеден оқ жаудырған ұшақтың қай мемлекетке тиесілі екені белгісіз

Сирияның Атареб қаласындағы базарға әуеден бірнеше соққы жасалып, 29 адам мерт болды. Олардың 5-і – бұғанасы қатпаған бала, деп хабарлайды 24.kz.

Сириядағы адам құқығын қорғау орталығының мәліметтеріне қарағанда, марқұмдар саны әлі де артуы мүмкін. Әзірге әуеден оқ жаудырған ұшақтың қай мемлекетке тиесілі екені белгісіз. Оқиға орнында құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Алеппоның батысында орналасқан Атреб қаласы оқ атуға тыйым салынған қауіпсіз аймақ саналады. Оны Түркия, Иран және Ресей елдері өңірдегі зорлық-зомбылықты азайту мақсатында енгізген болатын. Бұл маңайды үкімет саясатына қарсы оппозициялық топтың өкілдері бақылауда ұстайды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу