Үндістанға әуе рейстерінің саны артады

789

Үндістанға әуе рейстерінің саны артады

Үндістанға әуе рейстерінің саны артады, деп хабарлайды ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Үнді еліне тұрақты түрде xалықаралық рейстер 2004 жылдан бері орындалып келеді. Екі ел арасындағы бағыттарда жолаушылар ағыны жыл сайын өсіп, транзиттік әлеуеті жоғары қатынас жолы болып табылады. Сол себепті, өткен жылдың шілде айында бұрыннан бар Алматы - Дели арасындағы бағытқа Астана - Дели тұрақты рейсі қосылды. Дегенмен, соңғы жылдары қазақстандық тасымалдаушыға үнді тарапынан кейбір әуе кемелерін пайдалану бойынша, яғни теxникалық мүмкіндігі бола тұра белгілі бір ұшақ түрлерін Дели бағытында қолдануға тыйым салынып келген. Бұл өз кезегінде, әуе кемелерінің паркін қолдану тиімділігін кемітіп, кейбір рейстердің кешігуіне әкеліп соғатын. 
Азаматтық авиация комитетінің Үнді елінің авиациялық билік өкілдерімен жүргізген келіссөздері нәтижесінде 2018 жылдың наурыз айынан бастап отандық тасымалдаушыға Қазақстан мен Үндістан аралығында қолданыстағы барлық әуе кемелерін пайдалануға рұқсат берілді. Бұл шешім екі ел арасындағы әуе қатынасын нығайтып, рейстердің уақытылы орындалуына, ұшу жиілігін арттыруға айтарлықтай әсер етеді. Болашақта қазақстандық әуе компаниялары Мумбаи қаласына тікелей әуе рейстерін ашуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу