23 жастағы ресейлік теннисші Қазақстан азаматтығын алды

1766

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

23 жастағы ресейлік теннисші Қазақстан азаматтығын алды Фото: @shevchenkoo_17

Бұған дейін Ресей атынан сынға түсіп келген Александр Шевченко әлемдік АТР рейтингісінде қазіргі кезде 48-орында тұр.

Ол Александр Бубликтен кейін Қазақстанның екінші ракеткасы атанады.

"Өз ойыныммен жанкүйерлер көңілінен шығамын деп үміттенемін және осы сәтті асыға күтемін. Бұл ел маған сенді, сондықтан осыны дәлелдеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамын", – деді Александр Шевченко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу