Әлем елдерінде несие қалай және қанша пайызбен беріледі

Базалық мөлшерлеме – елдегі экономикалық процестердің негізі. Осы базалық мөлшерлеме негізінде несие пайызы белгіленеді. 

Әлем елдерінде несие қалай және қанша пайызбен беріледі Фото: canva.com

Кеше ғана Ұлттық банк базалық мөлшерлемені белгіледі, ол – 14,75%. Демек елдегі банктер осы базалық мөлшерлеме негізінде несие береді. Бұл әлем елдерімен салыстырғанда, аз ба, көп пе? Базалық мөлшерлеме қандай принциптермен белгіленеді? Осындай өзекті сұрақтарға жауап іздеп көрмекпіз.

Несие жүйесіндегі проценттік мөлшерлеменің рөлі

Проценттік мөлшерлеме – белгілі бір кезеңге (ай, тоқсан, жыл) есептелген қарыз алушының банкке несие қаражатын пайдаланғаны үшін төлемін анықтайтын проценттік көрсеткіш. Пайыздық мөлшерлеме мынандай болуы мүмкін:

  • Бекітілген және өзгермелі;
  • Негізгі және тиімді;
  • Жылдық, тоқсандық, айлық немесе күндік.

Әрбір коммерциялық банк өз мемлекетінің банк заңнамасына сәйкес кредиттік ставкалардың мөлшерін айқындайды. Коммерциялық банктер үшін ставкаларды анықтаудағы негізгі мән Орталық банк бекіткен базалық мөлшерлеме болады. Әр елдің өзінің Орталық банкі бар, мәселен біздің елімізде мұндай қызметті Ұлттық банк орындайды. Ол сыртқы және ішкі экономикалық факторлардың жиынтығына байланысты өзінің базалық мөлшерлемесін дербес белгілейді.

Қазақстанда және шетелде проценттік мөлшерлемелердің мәнінде айтарлықтай айырмашылық бар. Оған бірнеше экономикалық негіз бар.

Тереңірек қарасақ, базалық мөлшерлеме – Ұлттық банк елдегі айналымдағы ақша қозғалысы кезінде пайдаланатын барлық коммерциялық банктер негізге алуы тиіс процент.

Негізгі мөлшерлеменің мәні көбінесе инфляциялық мәндерге байланысты.

Еуропалық Орталық банктің негізгі мөлшерлемесінің деңгейі айтарлықтай төмен. Орташа алғанда, әрбір еуропалық ел үшін негізгі мөлшерлеме 0,5%-дан 2%-ға дейін.

Еуропада несиені пайдаланғаны үшін проценттік мөлшерлемелер бірқатар себептерге байланысты Қазақстанға қарағанда төмен. Біріншіден, еуропалық экономика тұтастай алғанда әлдеқайда дамыған. Екіншіден, инфляциялық көрсеткіштер Қазақсанға қарағанда бірнеше есе төмен. Үшіншіден, Еуропада несиені қайтармау қаупі Қазақстанға қарағанда аз.

Еуропа елдерінің орталық банктерінің негізгі мөлшерлемелері өте аз. Ал кейбіреулерінде тіпті негізгі ставкалардың теріс мәндері бар. Бұл мөлшерлеменің өзгеруінің нөлдік динамикасын атап өткен жөн.

Әлемдегі ең төменгі ипотекалық мөлшерлемелер

Сонымен несие бойынша, ипотека бойынша ең төменгі мөлшерлемелеріне сәйкес әлем елдерінің шағын рейтингін жасап көрейік.

1-орын. Финляндия

Рейтингтің көшбасшысы – Финляндия. Финляндия пәтерлердің үлкен көлемімен ерекшеленеді. Пәтердің көлемі үлкен болғандықтан, жылжымайтын мүлік өте қымбат сатып алу объектісі болып отыр. Тұрғын үй несиесі жылдық 1,1-1,5%. Финляндия тұрғындарына 50 жыл ішінде ипотека бойынша артық төлем шамамен 28%-ды құрайды. Айтпақшы, Финляндиядағы ипотека шетелдіктер үшін де қол жетімді. Бірақ олар үшін орташа пайыздық мөлшерлеме сәл жоғары, жылдық – 3-3,5%.

2-орын. Жапония

Бұл елде де тұрғын үй қымбат. Бірақ инфляция өте аз. Ипотекалық несиелеудің орташа мөлшерлемесі 1,2%-ды құрайды.

Қызықты факт! Жапонияда сатушы сатып алушыға, банкке немесе жылжымайтын мүлік делдалына сатылатын мүліктің (пәтердің немесе үйдің) толық тарихын беруге міндетті. Егер пәтерде өлім, кісі өлтіру (немесе суицид) болса, құны төмендейді және төмен сұранысқа ие болады. Алайда азаматтар осындай фактілерді пайдаланып, жылжымайтын мүлікті арзан бағамен сатып алуына болады.

Орташа алғанда, жапондықтар банктерге 50 жылдық ипотека үшін шамамен 20% артық төлейді. Жапонияда ипотека өте сұранысқа ие. Өйткені тұрғын үйді жалға алу ипотекаға сатып алудан да қымбатқа түседі.

3-орын. Швейцария

Швейцария – рейтингтегі үшінші ел. Бұл елде жергілікті тұрғындар үшін тұрғын үй сатып алу өте қымбат. Сондықтан Швейцарияда "өмір бойы ипотека" термині кең таралған. Мұндай несие 100 жылға дейін беріледі және заңды түрде мұраға қалдырылады. Несиеге үй сатып алудың орташа мөлшерлемесі швейцариялықтарды құтқаратын жылдық 1,4-1,6%-ды құрайды.

Ипотекалық пайыздық мөлшерлемелердегі айырмашылық жылдық 1,5-2% аралығында өзгереді.

Әлемдегі ең көп және ең аз процентпен несие беретін елдер

1-орын. Аргентина

Әлемдегі ең жоғары несиелік пайыздық мөлшерлемелер бойынша көшбасшы – Аргентина. Барлық коммерциялық банктердегі ұлттық орташа мөлшерлеме жылдық 26-28%-ды құрайды.

Мұндай жоғары көрсеткіш жалпы ипотекалық несиелеудің дамымаған нарығымен түсіндіріледі. Нарықты басқару құралы толығымен мемлекеттің қолында. Аргентина дамушы нарықтарды ынталандыру жөніндегі арнайы бағдарлама шеңберінде Дүниежүзілік банктен тұрақты қарыз алады.

Аргентинаның ипотекалық бағдарламасының ерекшелігі – тұрғын үй алаңынан мүлдем айырылған (меншігі жоқ) азаматтар ғана тұрғын үйге несие ала алады. Резиденттер үшін ипотека тек бірінші тұрғын үйді сатып алуға қолайлы.

10 жылдағы ипотекалық несие бойынша орташа артық төлем 180%-дан асады. Бұл таңқаларлық көрсеткіштер. Сондықтан Аргентинада мұндай несиелерге сұраныс аз.

2-орын. Венесуэла

Үлкен ипотекалық мөлшерлемелермен айналысатын екінші ел – Венесуэла. Осы мемлекеттің резиденттері ипотекалық кредиттерді жылдық 20-22% мөлшерлеме бойынша рәсімдейді. 10 жыл ішінде мұндай несиені пайдаланғаны үшін орташа артық төлем 150%-дан асады. Ипотекалық мөлшерлемелердің мұндай жоғары деңгейінің себебі тұтастай алғанда елдегі тұрақсыз экономикалық жағдай, атап айтқанда, тұрғын үйді несиелеудің дамымаған нарығымен байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу