Әр кәсіпорын электр энергиясын үнемдеуі тиіс

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
3565

Үкімет өндірілетін өнімнің бірлігіне қарай энергия тұтыну нормативін бекітуі мүмкін.

Әр кәсіпорын электр энергиясын үнемдеуі тиіс

Үкімет мүшелері министрлер кабинетінің кезекті отырысында энергия үнемдеу мәселесін талқылады. 2020 жылға қарай Қазақстан ЖІӨ-нің энергия үнемдеуін 25%-ға төмендетуді жоспарлап отыр, ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 2008 жылғы базалық үнемдеумен салыстырғанда екі есеге төмендейді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық экономиканың энергия көзін үнемдеуі 2008 жылмен салыстырғанда 28,2%-ға төмендеген. Әзірге ұлттық экономиканың энергия үнемдеуі экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдеріне қарағанда төрт есе жоғары.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысы 4 қыркүйек күнгі парламент палаталарының бірлескен отырысында осы мәселені тағы көтеріп, осы бағытта берілген тапсырманы орындау қажеттігін атап кеткенін еске салды.

"Қойылған міндетке қол жеткізу үшін инвестиция және даму министрлігіне энергетика және ауылшаруашылығы министрлігімен бірлесіп, өндірілетін өнімнің бірлігіне қарай энергия тұтыну нормативтерін бекіту мәселесін әзірлеуді тапсырамын. Сондай-ақ әрбір жеке кәсіпорын үшін энергия қуатын үнемдеудің жыл сайын төмендету мәселесін қарастыру керек. Бұл жұмысты жергілікті органдармен бірлесіп атқару керек, сол себепті ұлттық экономика министрлігі инвестиция және даму министрлігімен бірлесіп, энергияны үнемдеу саясатын іске асыру бойынша критерийлерді орталық және жергілікті артқарушы органдар жұмысының тиімділігін бағалау жүйесіне қосуды тапсырамын", – деп тапсырма берді Бақытжан Сағынтаев.  

Бұл жерде энергия сыйымдылығын төмендетудің негізгі рөлі энергияны негізгі тұтынушы болып табылатын өндірістік кәсіпорындарға беріледі.

Бүгінгі күні олардың саны бес мың ұйымға жеткен, оның ішінде жалпы тұтынудың 2%-ы 2737 мемлекеттік мекемеге , 37%-ы квазимемлекеттік сектордың 1617 субъектісіне, 61%-ы бизнестің 779 кәсіпорнына тиесілі.

Мемлекеттің энергетикалық тізім субъектілерінің тұтынған жалпы энергия ресурсы 2016 жылы 49 млн тонна шартты отын (т.ш.о.) болған. Бұл елдің жалпы энергия тұтынуының (халықты есепке алғанда) 38%-ын және заңды тұлғалардың жалпы тұтынуының шамамен жартысын құрайды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша елдің ішкі тұтынуы 128,8 млн тонна шартты отын болған.

Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік мекемеден басқа мемлекеттік энергетикалық тізім субъектілері энергия тексерісін жүргізіп, энергияны үнемдеу бойынша іс шаралар жоспарын әзірлей алады.

"Бекітілген жоспарларға сараптама жасау  нәтижесінде  2015 жылдан бастап 2016 жыл аралығында мемлекеттік энергетикалық тізім субъектілері энергияны үнемдеуге 178 млрд теңгеден астам қаражат салғанын атап кету керек. 2020 жылдың соңына дейін тағы да 200 млрд теңге салынбақ", – деді инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Осы орайда энергия тексерісінің қорытындысы бойынша белгілі болған энергия үнемдеудің орташа әлеуеті 10,4% болған.

ИДМ, әкімдік және мемлекеттік энергетикалық тізім субъектісі арасында жасалған  ерікті келісім бүгінгі күні энергия үнемдеуді ынталандырудың жалғыз шарасы болып отыр. Келісім мемлекеттік энергетикалық тізім субъектісі үшін шығарылу олардың бір өнімге кететін меншікті шығынды төмендету бойынша міндетті орындау барысында бес жыл ішінде кем дегенде 15%-ға кем емес мөлшерлемесін белгілеуге мүмкіндік береді.

Мәселен бүгінгі күні ИДМ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі және "Шымкентцемент" АҚ-пен арада осындай бірінші келісім жасалды.

Энергия үнемдеудің ұқсас әлеуеті тағы бес кәсіпорында ("Қазақ газөңдеу зауыты" ЖШС, "Қаражанбасмұнай" АҚ, "KSP Steel" ЖШС, "Қазақмыс" корпорациясы, "ҚазАзот" ЖШС) бар. Министрліктің бағалауы бойынша, тек бұл кәсіпорындармен осындай міндетті қабылдау елдің 2020 жылға қарай ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2%-ға дейін төмендетуді қамтамасыз етеді.

"Осыған байланысты әкімдіктерге аталған мәселені бақылауға алуды тапсырамын", – деді Жеңіс Қасымбек.

Ол индустрия және даму министрлігі жыл сайын өңірлердегі энергия үнемдеу саласындағы іске асатын жұмыс бойынша бағалау жүргізеді.

"Өкінішке қарай, өңірлерде бұл жұмыс нашар жүргізіліп жатыр. 2016 жылдың қорытындысы бойынша тек 8 өңір ғана орташа көрсеткіш көрсеткен, ал қалған өңірлер төмен көрсеткіш көрсетіп отыр", – деді министр.

Төмен көрсеткіш көрсетіп отырғандардың қатарында Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана, Алматы қалалары бар.

"Энергия үнемдеу саясатын іске асыруға қатысты жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру мақсатында ИДМ президенттің 2010 жылдың 19 наурызында шыққан жарлығымен бекітілген орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесіне тиісті критерийлерді қосқан дұрыс деп есептейді.

Ұлт жоспарының 59-қадамын іске асыру барысында энергия сервистік қызмет көрсету нарығын дамыту үшін DENA неміс энергетикалық агенттігі атынан жұмыс істейтін стратегиялық серіктеспен бірлесіп, энергия сервистік компаниялар тізімі құрылған. Бүгінгі күні бұл тізімде 12 елден 171 компания және энергия тиімділігі картасы бар", – деді министр.

Жалпы инвестициялық көлемі 85,6 млрд теңге болатын үш стратегиялық инвестор – Еуропалық инвестициялық банк, Бүкіләлемдік банк және  TetraTech компаниясы тартылды.

Еліміздің әр өңірінде жалпы сомасы 405,27 млн теңге болатын бас-аяғы 16 ЭСКО-жоба іске асады. Ал 4,7 млрд теңгенің 19 жобасы әзірге дайындалып жатыр. Оның 13-і МЖӘ механизмі арқылы іске аспақ. Министрлік ЭСКО механизмі жақсы әлеуетке ие деп есептейді.

"Орталық мемлекеттік органдардан ЭСКО-механизмді бірінші боп өзіміз қолданып көргіміз келді.Тап қазіргі уақытта отандық "LED system media" ЖШС энергия сервистік компаниясымен МЖӘ механизмі бойынша 72 млн теңгеге біздің министрліктің ғимаратын жарықтандыруды жаңғыртуға келісімшарт жасалып жатыр. Жоба барысында 13 мыңнан астам шамды жарықдиодты энергия үнемдеушіге айырбастау жоспарлануда, осының есебінен жыл сайын шамамен 11 млн теңге қаржы үнемделеді", – деді министр.

Мысалы "Қазақмыс" компаниясы Сименс, АВВ және Мицубисимен бірлесіп конвейер, желдеткіштер мен сорғыш үшін  энергия үнемдейтін жабдық бойынша жобаны іске асырды, 2016 жылы электр энергиясы 20 млн кВт/сағатқа үнемделді.

ERG компаниясы "Тенова Пиромет" (ОАР) компаниясымен бірлесіп Ақсу зауытының рудатермикалық пештерін қайта жаңартуға қатысты жобаны іске асырды. Электр энергиясының 125 млн кВт/сағ үнемделеді деп болжанып отыр.

"Энергия үнемдейтін технологияларды кеңінен қолдануға олардың жоғары бағасы кедергі. Өйткені жабдықтардың барлығы шетелде шығарылған. Осыған орай мұндай өндірістерді Қазақстанда да ұйымдастыру бойынша шаралар қабылданды. Мәселен ИИДМБ барысында жылуоқшаулағыш материалдарды, энергия үнемдейтін шам, энергиялық тиімді электр жабдығын  өндіру бойынша бірқатар жобалар іске асты", – деді министр.

2012 жылдан бастап индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында небәрі 29 жоба ғана іске асырылған. Оның ішінде жылуоқшаулағыш материал өндіру бойынша -15, энергия үнемдейтін шам бойынша -7, энергиялық тиімді электр жабдығын  шығару бойынша - 4, энергиялық тиімді шыны пакеттер бойынша -3 жоба іске асқан.

Сонымен қатар энергия үнемдеуге қатысты жобаларды іске асыруға энергия ресурстарының төмен бағасы әсер етеді, осыдан салынған инвестицияның  өтелімділігі ұзақ уақытты алады.

Осыған байланысты орташамерзімді уақытта  үкімет алдында екі үлкен міндет тұр.

Негізінен бұл энергия үнемдеуді ынталандыру механизмін кеңейту, оның ішінде: бюджеттік секторда энергия сервистік жобаларды  МЖӘ механизмдері арқылы іске асыруды масштабтау;

- энергия үнемдеуді ынталандырудың жаңа құралдарын енгізу, оның ішінде "Даму" қоры (28 тамыз күні ҚР ИДМ мен "Даму" қоры арасында 3 млн доллар сомаға келісім жасалды) арқылы энергия тиімділігі жобалары үшін субсидия мен кепілді несие беруді енгізу;

Сонымен қатар біз бір жаңартпаны ұсынып отырмыз, яғни бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну барысында энергия тексеруін жүргізу туралы талапты критерийлердің бірі ретінде белгілеу және тиісті іс шара жоспарының болуын ескеру. Егер кәсіпорын мемлекеттен қаржылық немесе басқа қолдау түрін сұрайтын болса, онда кәсіпорын энергияға жұмсалатын  өздерінің шығынын үнемдеу үшін қандай шешім қабылдағанын көрсетуі тиіс.

"Егер бұл қолдау табатын болса, онда біз мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібіне қажетті өзгерту әзірлейміз", – деді Жеңіс Қасымбек.

Міндеттердің екінші блогына энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік реттеу  жүйесін жетілдіру кіреді. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың энергия үнемдеудің өңірлік саясатын іске асырудағы рөлі мен жауапкершілігін, сондай-ақ мемлекеттік бақылау тиімділігін арттыру кіреді. 

Қазіргі уақытта бақылау-қадағалау функцияларына тексеріс жүргізу барысында ИДМ ұлттық экономка министрлігіне мемлекеттік бақылау саласын мемлекеттік энергетикалық тізім субъектісіне дейін қысқарту, оқу орталықтарының жұмысын бақылау бойынша функцияны алып тастау, энергия тұтыну нормативтерін сақтау, сондай-ақ энергияны тексеру жұмысы саласында өздігінен реттеу механизмін енгізу бойынша ұсыныс жасады.

Негізінен энергия аудиторлық ұйымдардың жұмысын реттейтін функцияларды бәсекелес ортаға беру қарастырылуда.  

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу