"Астана" командасы танымал италиялық шабандозбен толықты

727

Astana Qazaqstan Team италиялық шабандоз Лоренцо Фортунатомен (27 жаста) екі жылдық келісімге қол қойды.

"Астана" командасы танымал италиялық шабандозбен толықты Фото: astanaproteam.kz

Лоренцо Фортунато - кәсіпқой деңгейде бес жыл ішінде бірқатар жоғары нәтижелерге ие болған танымал италиялық шабандоз. Ол таулы аймақта өтетін және көпкүндік жарыстарда өнер көрсетеді. Лоренцо 2019 жылы кәсіпқой деңгейге ауысты. Бірден "Албания турында" жалпы есепте 4-ші және "Алматы турының" жалпы классификациясында 6-шы орынға ие болды. Бірақ, оның ең маңызды нәтижелері 2021 жылы орын алды. Ол аты аңызға айналған Монте Дзонколан асуында өткен "Джиро д'Италияның" кезеңдерінің бірінде, "Адриатика-Ионика" көпкүндігінде жарыстың жалпы есебінде айтулы жеңіске қол жеткізді.

"Мен әртүрлі шабандоздармен үш Гранд Турда да жеңіске жеткен тамаша тарихы бар Astana Qazaqstan Team командасының сапына қосылғаныма өте қуаныштымын. Өзімнің жаңа командаммен кездесуді асыға күтемін және соңғы үш жылда жеткен жетістіктерімді одан әрі жалғастырамын деп үміттенемін. Astana Qazaqstan Team-нің кеңейтілген күнтізбесімен өзімді команданың көмекшісі ретінде де, нәтижеге қол жеткізе алатын шабандоз ретінде де көрсетуге көбірек мүмкіндіктерге ие болатыныма сенімдімін. Командаға Әлемдік тур деңгейіне көтерілуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын және келесі маусымдарда бұл сенімді ақтай аламын деп үміттенемін", - деді Лоренцо Фортунато.

2023 жылы Лоренцо Фортунато "Астурия Вуэльтасының" кезеңдерінің бірі мен жалпы классификациясын жеңіп алды, "Альпі турында" бесінші және Словения турында 6-шы болып мәреге келді.

"Лоренцоның қол жеткізген нәтижелерін ескере отырып, бұл оның әлемдік турға өтуі үшін жақсы сәт екені анық және менің ойымша біздің командамен. ол өз мансабында үлкен қадам жасай алатын шабандоз. Біз Лоренцоны апталық жарыстарда және бір күндік жарыстарда жақсы нәтиже үшін күресуге қабілетті шабандоз ретінде көреміз. Сонымен қатар, оның "Джиро д'Италияда" айтарлықтай тәжірибесі бар. Ол Дзонколанда маңызды жеңіске жетті. Сондықтан мен Лоренцоны біздің команданың бір бөлігі ретінде көргім келеді және бұл ауысу шабандоз үшін де, команда үшін де сәтті болатынына сенімдімін", - деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу