"Астана" "Лудогорецтен" айласын асырды

745

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы ойында "Астана" өз алаңында болгариялық "Лудогорецпен" ойнады.

"Астана" "Лудогорецтен" айласын асырды Фото: kazfootball.kz

Григорий Бабаян негізгі құрамға өзгеріс енгізіп, Марин Томасовты қосалқы құрамда қалдырды.Ал Абат Айымбетов пен Дембо Дарбо алаңға бірге шықты. Алғашқы минуттардан-ақ екі команда да белсенділік танытты. Екінші минутта Ян Вороговскийдің соққысы қақпа маңдайшасынан қайтты. Одан кейін де қос команданың гол соғуға бірнеше мүмкіндіктері болды. Ал 35-ші минутта Абзал Бейсебеков айып алаңында екі қарсыласын жібероіп алды. Олардың бірі Ноа Сонко-Сундберг қақпаның төменгі бұрышына басымен дәл соқты. Бірақ алаң иелері стандарттан кейін есесін қайтарыды (1:1). Жарко Томашевич үзіліске дейін гол соқты.

Екінші таймның басында астаналықтар қарсыласын қыспаққа алып, Александр Марочкин есепті еселей түсті. Осыдан кейін қос команда бірінен соң бірі шабуыл ұйымдастыра бастады. Бірақ таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ - 2:1.
Айта кетейік, қарымта кездесу 18 тамыз күні Разградта өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша "Астана" "Лудогорецті" жеңсе, Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде голландиялық "Аякспен" ойнайды. Ал жеңілсе, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өтіп, "Вальмиера" (Латвия) - "Партизани" (Албания) кездесуінің жеңімпазымен ойнады.

Ойыншылар құрамы келесідей болды:

"Астана": Чондрич, Бейсебеков, Марочкин, Томашевич, Вороговский, Эбонг, Оганесян, Айымбетов, Урега, Лончар, Дарбо;

"Лудогорец": Падт, Петровски, Гонкалвеш, Десподов, Витрю, Руссо, Вердон, Сонко-Сундберг, Текпетей, Хайстер, Руан Секо.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу