Астанада Qazaq Oil-дың сату орталығы ашылды

1706

Мұнда мұнай өнімдері, жанармай карталары және электронды талондар бойынша сатып алу-сату шарттары жасалады. 

Астанада Qazaq Oil-дың сату орталығы ашылды   Фото: inbusiness.kz

Елордадағы сату орталығы жөндеу жұмыстарынан кейін есігін айқара ашты. 

"Жаңа сату орталығын ашудағы басты мақсат – клиенттерге қолайлы жағдай жасау. Мұнда заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетіледі. Орталықта 11 қызметкер жұмыс істейді. Болашақта елордада тағы бір сату орталығын ашу жоспарда бар. Біздің компания қарқынды дамып келеді", - деді "Qazaq Oil" Астана қаласы және Павлодар облысы бойынша филиал директоры Ғани Алиев. 

Оның сөзінше, компанияда қызмет көрсетуді жақсартуға үлкен мән беріледі. Бүгінде жанармай құю станциялары, мұнай базалары, сату орталықтарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
 
Бұдан бөлек Ғани Алиев тұтынушының шарт жасасу арқылы мұнай өнімдерін белгіленген құн бойынша ала алатынын, сатып алынған жанармай көлемі бойынша жеңілдіктер қарастырылғанын жеткізді.

"Біздің қызметкерлер пошта, ватсап-мессенджер және сайт арқылы клиенттермен онлайн-форматта да жұмыс істейді. Бүгінде шарттарға ЭЦҚ арқылы қол қойып, шарттар жасасу мүмкіндігі қарастырылуда. Осылайша клиент офиске келмей-ақ, құжатпен электронды түрде таныса алар еді. Егер шарт клиенттің көңілінен шығатын болса, онда ол ЭЦҚ арқылы қол қоя алады. Әзірге мұның бәрі жобалау сатысында тұр, жақын арада енгізілетін болады", - деді мұнай өнімдерін өткізу департаментінің бастығы Айгерім Бушанова.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу