"Барыс" "TANECO Кубогы" аясында "Локомотивпен" кездеседі

702

10 тамыз күні Қазан қаласында басталған "TANECO Кубогы 2023" маусымалды турнирі бүгін мәресіне жетпек.

"Барыс" "TANECO Кубогы" аясында "Локомотивпен" кездеседі

Бүгін "Барыс" Қазан қаласында TANECO Cup маусым алдындағы турнирінде соңғы кездесуін өткізеді. Астаналық команданың қарсыласы "Локомотив". "Татнефть-Арена" мұз айдынындағы кездесу елорда уақытымен сағат 16:00-де басталады.

13 тамыз күні "Барыс" Андрей Скабелканың шәкірттері "Ақ Барсқа" 2:5 есебімен есе жіберді. Бұл жеңіліс Андрей Скабелка шәкірттері үшін турнирдегі қатарынан үшінші жеңіліс болды. Бұған дейін 1:2 есебімен команда Ярославльдік "Локомотивке" және Челябинскінің "Тракторына" есе жіберген.

"Татнефть-Аренада"  өтіп  жатқан турнирдің тарихы 2020 жылдан бастау алады. Екі жыл бойы ол "Чемпиондар Кубогы" деп аталып келді, сондықтан оған тек Гагарин Кубогын жеңген командалар ғана қатыса алатын. Сол екі жылда да Кубок Татарстан астанасында қалған. 2020 жылы "Ақ Барс" финалда "Металлургті" жеңсе (4:3), араға бір жыл салып айдын иелері СКА-дан мықтырақ болды – 3:0.

2022 жылы турнир "TANECO Кубогы" деп аталып, командалардың орнын анықтау үшін плей-офф ойындары өткізілген жоқ. Бұл жолы нижнекамскілік "Нефтехимик" чемпион атанды. 2023 жылы "TANECO Кубогында" алғаш рет шетелдік команда "Барыс" қатысты.

Айта кетейік, "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты маусымын 2 қыркүйекте өз алаңында Салават Юлаевқа қарсы матчпен бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу