Digital Bridge-2022 түркі мемлекеттері мен Орталық Азия елдерінің технопарктерін өз алаңында біріктіреді

3257

28-29 қыркүйекте елордада жыл сайынғы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді. Биылғы форумның тақырыбы - "Central Eurasia as a new tech platform" - "Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде қалыптасуда".

Digital Bridge-2022 түркі мемлекеттері мен Орталық Азия елдерінің технопарктерін өз алаңында біріктіреді

Тақырыпты негізге ала отырып, Форум бағдарламасына IT-стартаптар аллеясы және түркі мемлекеттері мен Орталық Азия елдері ұйымына мүше мемлекеттер технопарктерінің көрмесі сияқты ауқымды іс-шаралар кіреді. Бұл бағыт Түркиядағы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің VIII саммиті барысында қабылданған шешім аясында анықталды, онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерінің жас IT-мамандарының форумын ұйымдастыру туралы ұсыныс айтты.

Бұдан басқа, IT мектептердің көрмесі, IT бос орындар жәрмеңкесі, Astana Hub Battle, VR, GameDev алаңдары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Форум аясында стартаптар үшін елдегі алғашқы ресми TikTok офлайн-алаңы құрылатын болады. Барлық өңірден венчурлік инвесторлардың қатысуы күтілуде. Көптеген панельдік сессияларда жетекші халықаралық сарапшылар IT әлемінің өзекті мәселелерін талқылайды.

"Алдағы Digital Bridge форумы өзінің ауқымымен ерекшеленіп, Қазақстандағы ең ірі IT іс-шарасы болуы мүмкін. Біз Түркі мемлекеттерінің ұйымы және Орталық Азия елдерінің жетекші IT-компаниялары, алдыңғы қатарлы стартаптары көшбасшыларының қатысуын күтеміз. Форум өңірдегі IT-технологиялардың дамуына жаңа серпін беріп, осы іс-шараға қатысушы елдердің стартаптары үшін жаңа белестер мен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. Біз IT саласындағы көшбасшылармен бірге технологиялық саланың ең өзекті мәселелерін көтеріп, инновациялық шешімдерді бірге талқылаймыз. Digital Bridge цифрлық идеяларды ілгерілетуге тартылғандардың барлығын біріктіретін цифрлық көпірге айналды деп сеніммен айтуға болады", - деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Digital Bridge халықаралық форумы - жыл сайын Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілетін IT саласындағы Қазақстандағы ең ірі іс-шаралардың бірі. Дәстүрлі түрде форумға халықаралық IT-қоғамдастығының көшбасшылары, технологиялар саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар, цифрлық әзірлемелер саласындағы кәсіпқойлар, IT-компаниялар мен стартаптар, венчурлық инвесторлар, технологиялық кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, Форум "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасын іске асыру болып табылады, сондай-ақ Мемлекет басшысы белгілеген 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-кадрлар даярлау, IT-саласына 500 млрд теңгеге дейін инвестициялар тарту, АКТ қызметтерінің экспортын 500 млн АҚШ долларына дейін ұлғайту бойынша көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған.

Ұйымдастырушылар - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Astana hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысуымен.

Форумның бас демеушісі – Kaspi.kz. Демеушілер мен серіктестер - Қазақтелеком, Freedom bank, Tengizchevroil, My Car, Tech culture, Huawei, G42, Halyk Bank, Prime source, Glovo, SF, Leica.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу