Halyk Bank "2022 жылдың үздік жұмыс берушісі" сыйлығын жеңіп алды

7914

Halyk сертификатталған қаржы менеджерлері институтынан (ICFM) диплом және беделді Lucie Awards (Лука Пачоли) мүсіншесін иеленді. 

Halyk Bank  "2022 жылдың үздік жұмыс берушісі" сыйлығын жеңіп алды Фото: inbusiness.kz

Институт Halyk өз қызметкерлерінің кәсіби дамуы мен жоғары біліктілігін қолдайтын ең жауапты жұмыс беруші екенін атап өтті.

Банк шынымен де сертификаттауға, біліктілікті арттыруға, қызметкерлердің дамуы мен өсуіне көп көңіл бөледі. Қызметкерлер үшін үнемі тренингтер, мен семинарлар өтеді.

Өткен жылы Банктің 18 қызметкері (DipPIA немесе DipCPIA) сертификатталған қаржы менеджерлері институтынан диплом алған болатын.

Қазақстандағы бір жұмыс берушінің ең көп қызметкерлерінің осындай дипломдарға ие болуының арқасында Қазақстандағы ICFM өкілдігі банкті осы марапатқа ұсынды.

"Біз өз қызметкерлерімізді жоғары бағалаймыз және олардың өсуіне көмектесуге тырысамыз. Банк әрбір қызметкер үшін даму бағдарламаларын, кадр резервінің қатысушылары мен басшыларына үлкен көңіл бөле отырып, оларға көшбасшылық бағдарламаларды ұсынады. Біздің құндылықтарымыздың бірі кәсіпқойлық болғандықтан, кәсіби сертификаттауға назар аудару маңызды екенін түсінеміз. Банк қызметкерлердің өз білімдерін шыңдауға деген ұмтылысын қолдайды және сертификаттауды бірлесіп қаржыландырады. Біз ішкі аудит департаментінің қызметкерлері осындай үлгі көрсетіп отырғанына өте қуаныштымыз, дәл осы бөлімдегі әріптестеріміздің көбі сертификат алған", – деді қызметкерлерді марапаттау және сертификаттау жайлы персоналды басқару департаментінің директоры Индира Аширова.

Атап айтар болсақ, марапатты Ұлыбритания корольдігі отбасының өкілі ханзада Майкл Кентский Халықаралық бизнес пен дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен табыс етті. Беделді мүсін мен диплом Банкке ICFM қазақстандық өкілдігі арқылы берілді.

Анықтама: 

"Лука Пачоли" – бұл компаниялар/ұйымдар өз кәсібіндегі ерекше жетістіктері үшін үздік өкілдерді атап өтетін беделді мойындау. Бұл іс-шараға корольдік отбасы мүшелері, Ұлыбритания мен әлемнің іскерлік және жоғары қоғамының VIP өкілдері, көптеген ел өкілдіктерінің елшілері қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу