Иде Шеллинг Astana Qazaqstan Team командасына ауысады

469

Astana Qazaqstan Team команданың жаңа шабандозбен толыққаны жайлы хабарлады.

Иде Шеллинг Astana Qazaqstan Team командасына ауысады Фото: sportplus.kz

Голландиялық шабандоз Иде Шеллинг (25 жаста) алдағы екі маусымға 2024 және 2025 жылдары қазақстандық жобаға ауысады.

"Әрине, бұл мен үшін алғашқы кәсіби маусымдарымды бір командада өткізгеннен кейінгі жаңа және өте қызықты қадам. Менің ойымша, дәл қазір алға жылжу үшін оңтайлы сәт және Astana Qazaqstan Team маған өте қолайлы болады деп ойлаймын. Шабандоз ретінде және командадан көрген мүмкіндіктер тамаша үйлесуі мүмкін деп ойлаймын. Меніңше, бұл командада бар мүмкіндігімді көрсете алатын сияқтымын және Астананың шабандоздарымен, ұжымымен бірге алға қойған мақсаттарыма жетуге бел байладым. Осы маусымда қол жеткізген жетістіктерімді жалғастыра аламын деп үміттенемін, жеңіс үшін күресуді жалғастырамын. Мансабымда алға үлкен қадам жасауға дайынмын", - деді Иде Шеллинг.

Иде Шеллинг өзінің алғашқы кәсіби келісімшартына 2020 жылы қол қойды Содан бері біршама жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Осылайша, 2021 жылы "Иде Ааргау кантонының Гран-приінде" үздік нәтиже көрсетіп, өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді, "Норвегия турының" жалпы есебінде екінші, классикалық "Брабант жебесінде" төртінші және "Бельгия турының" жалпы классификациясында бесінші нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, кәсіби деңгейдегі алғашқы жылдары Иде Шеллинг (2020 жылы) "Испания Вуэльтасы" және (2021 жылы) "Тур де Франс" Гранд Турларына қатысып, құнды тәжірибе жинады.

"Біз осы маусымда шабандоз ретінде Иденің көптеген жетістіктерінің куәсі болдық. Ол бізді бірнеше маңызды жарыстарда өзінің күресу тәсілімен де, жеңісімен де таң қалдырды. Иде таулы аймақта өтетін кезеңдерде, сондай-ақ классикалық жарыстарда жеңіске жету үшін күресе алатын өте жылдам шабандоз. 2023 жылдың көрсеткіштері тек бастамасы екеніне сенімдімін. Ол "Астанада" одан әрі даму үшін қажеттінің барлығын таба алады. Команда Идеге жарыстарда өзін көрсетуге мүмкіндік беруге дайын. Сонымен қатар біз оны Гранд Турларда көргіміз келеді. Иденің 25 жасқа дейін жинаған тәжірибесінің арқасында ол кез келген Гранд Турларда байыпты көмекші бола алады", - деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.

Ағымдағы 2023 жылғы маусымды Иде үшін жарыс жолындағы осы уақытқа дейін ең табысты жыл деп атауға болады. Ол "Баск елдерінің туры" мен "Словения турының" кезеңдерінде жеңіске жетті. "Каталония Вуэльтасының" және "Оман турының" кезеңдерінде екі рет үшінші орынға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу