Қазақстандық балуан әлемдік рейтингте көш бастады

719

Бұл Қазақстан үшін осы турнирдегі алғашқы алтын медаль болатын.

Қазақстандық балуан әлемдік рейтингте көш бастады Фото: Olympic.kz

Еркін күрестен қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатындағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте көш бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол финалдық белдесуде Өзбекстан өкілі Жабраил Шапиевті жеңді. 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші кездесу 5:1 есебімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Бұл Қазақстан үшін осы турнирдегі алғашқы алтын медаль болатын.

Осы табысының арқасында Дәулетбеков 86 келіге дейінгі салмақта 52 400 ұпай жинап, әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Осылайша ол Олимпиада чемпионы (2020) және әлемнің үш дүркін чемпионы (2018, 2022, 2023) қазіргі таңда екінші орында тұрған америкалық Дэвид Тейлорды (45 000) басып озды.

Айта кетейік, Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы (2022, 2023, 2024), сонымен қатар құрлықтық турнирдің күміс және қола жүлдегері  (2017, 2018).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу