Еліміздегі орта мектептерде білім берудің қандай жаңа үлгілері енгізіліп жатыр?

5945

Осы бағытта мемлекет тарапынан нендей өзгерістер енгізіліп, қандай шаралар қолға алынуда?

Еліміздегі орта мектептерде білім берудің қандай жаңа үлгілері енгізіліп жатыр? Фото: inbusiness.kz

Орта білім – кәсіптік және жоғары білімнің тұғыры. Мектепте сапалы білім алған түлек қана қалаған мамандығына түсіп, жақсы маман атана алады. Осы бағытта мемлекет тарапынан нендей өзгерістер енгізіліп, қандай шаралар қолға алынып жатқандығы жайлы толығырақ "AMANAT" партиясының хатшысы Шолпан Танатовна айтып берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жалпы елімізде білім саласының ірі трансформациясы жүріп жатыр. 2016 жылы орта білім беру саласын жандандыру бағытында қабылданған құжатқа сәйкес, үш үлкен мәселе негізгі деп танылды. Біріншіден, мемлекеттік стандарт арқылы білім беру мазмұны өзгерді. Екіншіден, критериялдық бағалау жүйесі енгізілді. Үшінші, курстық дайындық негізінде әдістемелер түбейгейлі өзгертілді. Ал былтыр осы Заңнамаға тағы бірнеше өзгерістер енгізу ұсынылды. Мысалы, бұрын білім сапасына қатысты жауапкершілік әкімшіліктерге артылмайтын, жалпы білім деңгейіне жауапты құзырлы орган не мекеме анықталмаған еді. Ал жаңа Заңнамада сұрақтың жауабы нақтыланып бекітілетін болады", деді хатшы. 

Ал білімнің мазмұнына жауап беретін негізгі орган ол әрине, Оқу-ағарту министрлігі мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академия. 

"Ал сол мазмұнды жеткізу оқулық пен оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан қазір мемлекеттік стандарттарға өзгерістер енгізіліп, әр бағдарламаға сәйкес мұғалімге "басшылық құжат" аталатын жаңа құрал әзірленіп жатыр. Осы құжат арқылы әр ұстаз оқулықтағы мазмұнды жеткізу амалдары бойынша нұсқаулық алады", деп түсіндірді спикер. 

Сонымен қатар елімізде ірі ұлттық бағалау жүйесі білім беру жетістіктері мониторингі енгізілді. Осы құжатты мектептер былтыр екінші рет өткізді, енді соның негізінде қазақстандық сыртқы бағалау жүйесі құрастырылады. Оған қоса Қазақстан PISA оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламасына да қатысып жатыр. Болашақта осы екі көрсеткіш салыстырылатын болады. 

Қазақстанда білім беру жүйесі жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес жүргізілетіні мәлім, сонымен 2023-2024 оқу жылының бағдарламасына назар аударсақ:

Биыл оқу жылының аяқталу мерзіміне өзгеріс енгізіліп, соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамыр күні соғатын болды және 34 оқу аптасы қайта оралды. Алайда, Білім министрлігі мектептердегі оқу ұзақтығын ұзарту идеясынан түбегейлі бас тартқан жоқ және барлық қажетті дайындық жұмыстарын, соның ішінде оқу бағдарламасын оқу апталарының жаңа санына бейімдеу жүргізгеннен кейін 2025 жылы бұл мәселені талқылауға қайта оралмақ;

  • 1 сыныптар үшін оқу жылы 33 оқу аптасына, ал 2-11 сыныптар үшін 34 аптаға созылып, аптасына 27 сағаттан аспайтын болады;
  • 24 және одан да көп оқушылар болған жағдайда қазақ тілінде оқытпайтын сыныптарда қазақ тілін, шет тілін және цифрлық сауаттылықты оқыту кезінде (1 сыныптан басқа) сынып топқа бөлінеді. 1-сыныпта цифрлық сауаттылықты зерттеу кезінде топтарға бөлу жоқ. Белгілі іс-шаралар, карантин, ТЖ кезінде, егер бір сыныпта 15 оқушыға дейін болса, сынып барлық пәндер бойынша топтарға бөлінеді;
  • 1-сыныпта орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде білім беретін мекемелерде "Қазақ тілі", "Букварь" және "Сауат ашу" пәндері оқытылады. 1-сыныпта қазақ тілінде оқытатындар үшін "Әліппе" және "Ана тілі" пәндері оқытылады.

"Одан кейін 1 сыныпқа келген бағдарламасына жақын арада адаптациялық бағдарлама енгізіледі. Осы бағдарламаға сәйкес, әр баланың жеке картасындағы жетістіктеріне қарай оған жаңа ортаға, мектепке үйренісуге не қажет екені анықталады. Ол үшін мектеп ұстаздары балабақша тәрбиешілерімен тығыз байланыста болуы тиіс", – деп нақтылады Шолпан Танатовна. 

Енді орта білім беруге көшсек. Оқу жылының ұзақтығы – 34 апта. Апталық оқу жүктемесі 5 және 6 сыныптарда 30,5 сағатты, 7 сыныптарда 33,5 сағатты, 8 сыныптарда 34,5 сағатты, 9, 10 және 11 сыныптарда 36 сағатты құрайды.

Егер оқушылар саны 24 және одан көп болса, қазақ тілінде оқымайтындар қазақ тілі мен әдебиеті кезінде, қалғандары шет тілінде, информатикада топқа бөлініп оқиды. Сынып оқушы санына қарамастан көркем еңбекті оқыту кезінде екі топқа бөлінеді.

Күнтізбелік жылдағы демалыс уақытының ұзақтығы кемінде 115 күнді құрайды, оның ішінде оқу жылында кемінде 25 күн. Демалыс оқу жылында үш рет – күзде, қыста және көктемде беріледі. 1-сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда бір аптаға созылатын демалыс уақыты қосымша беріледі.

Тағы бір айта кететіні, Қазақстанда мемлекеттік мектептерден бөлек, жекеменшік білім орындары көбейді. Мемлекет оларды білім саласына етене араластыруды қолға алған көрінеді. 

"2022 жылы жекеменшіктің білім саласына кіруіне екі ірі қадам жасалды: қосымша білім беруге және денсаулығында кемістігі бар ерекше балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік тапсырыс. Бұған дейін бұл бағыттар мүлдем ескерілмей келді, енді оларды іске қосу механизмдері іске қосылды. Алдағы уақытта баланың білімі меншік иесіне қатысты емес, тікелей мекемеге байланысты болады. Жекеменшік мектептердің көбеюі (қазір олардың саны 200-ге жетіп отыр) өңірлер мен ауылдарда аса сезілмесе де, қалаларда бәсекелестік тудырып отыр бұл жақсы үрдіс, себебі бүгін әр ата-ана баласын қай мекемеде оқытатынын өзі таңдайды, яғни сапасына баға бере алады", – деп түйіндеді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу