Тимур мен Динара Құлыбаевтар су тасқынынан зардап шеккендерге 1 миллиард теңге жіберді

9402

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беріп жатқан қорлардың тізімі белгілі болды.  

Тимур мен Динара Құлыбаевтар су тасқынынан зардап шеккендерге 1 миллиард теңге жіберді Фото: el.kz

Сарапшы Олжас Байділдинов су тасқынынан зардап шеккендерге ірі кәсіпорындар мен қор өкілдерінің қанша көмек көрсеткенін есептеп шықты.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар құрған "Халық" қайырымдылық қоры Қазақстандағы су тасқынының зардаптарымен күресу үшін 1 млрд бөлді.

Бүгінгі таңда ірі қорлар мен кәсіпкерлер жасаған көмек:

  1. "Қазақстан халқына" қоры – 5 млрд
  2. Тимур мен Динара Құлыбаевтар– 1 млрд
  3. Болат Өтемұратов атындағы қор – 680 млн.теңге
  4. "Astana Motors" - 500 млн теңге
  5. BI Group – 500 млн теңге
  6. Kaspi kz – 120 млн теңге

"Ірі кәсіпкерлердің бей-жай қалмай, өзгелерге үлгі болып, су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқылардың қатарында болып көмек көрсетуі өте маңызды деп ойлаймын.

Мен Тимур Асқарұлы мен Динара Нұрсұлтанқызының ірі бизнесмендер ретінде қазақстандықтарды қиын-қыстау кезеңде қолдайтынын және көмектесетінін үнемі айтып келемін, бірақ БАҚ пен қоғам қайраткерлері компаниялардың қайырымдылық қорларын өз иелерінің атымен көрсете бермейді", - деп жазды Байділдинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу