Үкімет салықты көбейтіп, Ұлттық қордан трансферттерді азайтуға бел буды

Даулы мәселелерді бірыңғай түсіндіру үшін Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Әдістемелік кеңестің рөлін күшейту ұсынылды.  

Үкімет салықты көбейтіп, Ұлттық қордан трансферттерді азайтуға бел буды Фото: freepik

Сенаттағы Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа салық кодексінің жай-жапсары туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министр сөзін "түсінікті және болжамды салық саясатын қалыптастыру үшін Салық саясатының тұжырымдамасында 2030 жылға дейінгі барлық жаңа тәсілдер мен жоспарланған өзгерістерді көрсету ұсынылады" деп бастады. 

Оның айтуынша, жаңа Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы заңсыз қабылдау ұсынылады. Ал даулы мәселелерді бірыңғай түсіндіру үшін Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Әдістемелік кеңестің рөлін күшейту керек. 

"ҚҚС базалық мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін көтеру ұсынылады. Мөлшерлеменің өсуі – бұл бюджетке 2-2, 4 трлн теңге мөлшерінде қосымша түсімдер. Бұл Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттер көлемімен пара-пар. Қосымша кірістер бізге осы трансферттердің мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, біз Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтеміз. Бұл өте маңызды міндет. Біз болашақ ұрпақ үшін Ұлттық қорды сақтауымыз керек", – деді министр. 

Сондай-ақ, негізгі экономикалық әріптестермен салыстырғанда ҚҚС төмен мөлшерлемесі осы елдерден Қазақстанға тауарлардың экспортын тиімді етеді. ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі, ең алдымен, импорттық тауарларға жүктемені арттырады.

"Қазақстанда азық-түлік тауарларын өндіру және қайта өңдеу үшін ҚҚС салудың тиімді жағдайлар жасалған. Сондай-ақ, бөлшек саудагерлер бөлшек салық режимін қолданады, онда ҚҚС-тан босату да қарастырылған. Бұл жеңілдіктер сақталады. КТС мөлшерлемесін саралау ұсынылады. Шикізат және қаржы секторлары, сондай-ақ ойын бизнесі салалары үшін КТС мөлшерлемесін 25-30% - ға дейін арттыру қарастыру ұсынылады", – деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай ақ, Әлібек Қуантыров шығындарды ауыстыру мерзімдерін және талап қою ескіру мерзімін 5 жылға дейін теңестіру мәселесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. 

Шығындарды ауыстыру мерзімі салық төлеушінің өтініші бойынша 10 жылға дейін ұзартылуы мүмкін, бұл ретте талап қою мерзімі осы мерзімге ұзартылады.

Бұған қоса жалақы бойынша табыстар үшін ЖТС мөлшерлемесін жылына 480 ЕТЖ астам мөлшерде арттыру ұсынылды.

Сондай-ақ, ЖТС мөлшерлемесін анықтау ұсынылады: 
1) дивидендтер;
акцияларды 3 жылдан астам иеленген кезде – 5%;
3 жылдан аз акцияларға иелік еткен кезде - 15%;
2) сыйақылар мен құн өсімі-10%.

Бұдан басқа, ЕАЭО шеңберінде келісімдерді іске асыру үшін темекі өнімдеріне акциздер мөлшерлемелерін кезең-кезеңмен арттыру қарастырылған. Құнының 10% мөлшерінде қымбат тұратын алкоголь және темекі өнімдеріне акциздер енгізу ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу