Ұлттық қордан балаларға ақша аударыла бастайды

1351

Төлем 2023 жылдың соңына дейін туылған және кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін міндетті болады.

Ұлттық қордан балаларға ақша аударыла бастайды Фото: inbusiness.kz

2024 жылдың 15 қаңтарына дейін Бірыңғай ұлттық қор (БЖЗҚ) 2023 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасында тіркелген балалардың тізімін жасайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 22 қаңтарға дейін – БЖЗҚ әрбір балаға арналған мақсатты талаптардың көлемін есептеп, ақпаратты ақпараттық базаға енгізеді.

18 жасқа дейінгі балалар үшін:

2024 жылғы 1 ақпан – мақсатты талаптарды қарау enpf.kz, egov.kz сайттарында қолжетімді болады.

2024 жылы 18 жасқа толатын балалар үшін:

2024 жылғы 25 қаңтарға дейін – БЖЗҚ мақсатты жинақтарды аудару үшін ҚРҰБ-ға өтінімдер жібереді;

2024 жылғы 29 қаңтарға дейін – ҚРҰБ балаларға арналған мақсатты жинақ сомасын аударады;

2024 жылғы 1 ақпан – БЖЗҚ-да мақсатты жинақ шоттары ашылды.

Айта кетейік, 18 жасқа толған сәттен бастап балалар өздерінің мақсатты жинақтарын тұрғын үй мен білім алуға жұмсау туралы өтінішті уәкілетті операторлардың веб-сайтына өз бетінше бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу