Ыстанбұл үшін күрес: Ердоған жексенбі күні ірі қалаларды өз қарамағына қайтарудан үмітті

1290

Түркияда апта соңында жергілікті сайлау өтеді. Биліктегі партия онда жеңіске жетсе, президент 2028 жылдан кейін елін тағы басқаруға әрекет жасауы мүмкін.  

Ыстанбұл үшін күрес: Ердоған жексенбі күні ірі қалаларды өз қарамағына қайтарудан үмітті Фото: АP

Жексенбі күні Түркияда миллиондаған адампрезидент Реджеп Тайып Ердоғанның танымалдылығын сынақтан өткізетін жергілікті сайлауда мэрлер мен өзге де әкімдерді сайлауға барады. Сол науқанда биліктегі партия бес жыл бұрын жоғалтқан маңызды қалаларды қайтарудан үмітті.

Ердоған партиясының жеңісі түрік лидерінконституциялық өзгерістерге итермелеп, оған осы мерзімнен кейін тағы да басшылық етуге мүмкіндік беруі мүмкін.

Былтырғы президенттік сайлауда жеңіліске ұшырап, бірлігінен айрылған және беделі түскен оппозиция болса, алдағы сайлауда маңызды қалалардағы муниципалитеттерді сақтап қалса, қайта күш алуға әрекеттенуі ықтимал.

Апта соңында Түркияда ненің тағдыры шешіледі және оның нәтижелері ел болашағы үшін қандайболуы мүмкін? Бұл сауалдарға қысқаша жауап төмендегідей:

ЫСТАНБҰЛ ҮШІН ШАЙҚАС

2019 жылы өткен соңғы жергілікті сайлауда біріккен оппозиция Анкара муниципалитеттері мен мемлекеттің коммерциялық орталығы Ыстанбұлда  жеңіске жеңіп, билеуші ​​партияның осықалалардағы 25 жылдық билігін аяқтады.

Әсіресе Ыстанбұлдан айрылу саяси мансабын 1994 жылы 16 миллионға жуық мегаполистің мэрі ретінде бастаған Ердоғанға үлкен соққы болып тиді.

Ердоған 47 жастағы бұрынғы урбанизация және қоршаған ортаны қорғау министрі Мұрат Курумды Ыстанбұлдың қазіргі мэрі, солшыл-центристік Республикалық халық партиясының танымал саясаткері Экрем Имамоғлыға бәсекелес етіп таңады. Айта кетсек, қазір Имамоғлы Ердоғанға қауіп төндіруі мүмкін президенттікке үміткер ретінде жарнамаланып жүр.

Алайда, осы жолы 52 жастағы Имамоғлы жергілікті сайлауға Түркияның негізгі күрдшіл әрі өз кандидаттарын ұсынып отырған IYI партиясының қолдауынсыз қатысады.

Сонымен қатар, Түркияда енді құрылған "Жаңа әл-ауқат" діни-консервативтік партиясы саясат сахнасына шығып отыр. Ол Ердоғанның экономиканы басқару тәсілінен көңілі қалған консервативтік және діни сайлаушыларды өз жағына тартып, Ердоған ұсынған кандидаттардыңбіразын дауыссыз қалдырады деген болжам бар.

Соңғы сауалнамаларға жүгінсек, Имамоғлы мен Курум арасындағы бәсеке күшті болады. Екі үміткер де ғимараттарды жер сілкінісіне төзімді етуге және қаладағы созылмалы көлік кептелісін жеңілдету үшін инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға уәде беріп отыр.

Өзге бір болжамдарға қарағанда, оппозиция Анкарадағы билігін сақтап қалады. Бұл қаланыңқазіргі мэрі Мансұр Явас аса беделді және ол да болашақта президенттікке кандидат болады деген пайым айтылып отыр.

ЕРДОҒАН БАР БІЛІКТІ ӨЗ ҚОЛЫНА ШОҒЫРЛАНДЫРУҒА НИЕТТІ

Жиырма жылдан астам премьер-министр, одан кейін президент ретінде билік еткен Ердоған бүкіл елде митингтер өткізіп, мэрлікке түсетін кандидаттардың атынан үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Сарапшылардың пікірінше, Ыстанбұл мен Анкараны қайтарып алу және бюллетеньдерде жақсы нәтиже көрсету Ердоғанға 2028 жылдан кейін де билік етуге мүмкіндік беретін жаңа конституциялық реформаға ұмтылысты күшейте түседі. Айта кетсек, түріктің қолданыстағы ата заңы президенттік өкілеттікті екі мерзіммен шектеп отыр.

70 жастағы Ердоған мен оның одақтастары бүгінде жаңа конституцияны қабылдау үшін парламентте жеткілікті орынға ие емес. Бірақ сайлаудағы тағы бір жеңіс кейбір консервативтік оппозициялық парламентарийлерді оның жағына итермелеуі мүмкін, дейді сарапшылар.

Осы айдың басында Ердоған жексенбі күнгі сайлауды конституция бойынша өзі үшін соңғы деп атады. Дегенмен, кейбір сыншылардың ойынша, президент бұл мәлімдемені жасай отырып, қымбатшылықтан зардап шегіп отырған жақтастарын өз айналасында сақтауға және конституциялық өзгерістерді жүзеге асыруға әрекеттеніп отыр.  

ОППОЗИЦИЯНЫҢ ҮМІТІ

Алты партиялық оппозициялық альянс өткен жылғы сайлауда жойқын жеңіліске ұшырағаннан кейін ыдырап кетті. Экономикалық күйзеліс пен жойқын жер сілкінісінен Ердоғанды орнынан түсіре алмаған олардың жақтастарының көңіл-күйі пәс.

Оппозицияның бес жыл бұрын өзіне дауыс берген ірі қалаларды ұстап тұра білуі оған Ердоғанның билеуші партиясына балама болуға мүмкіндік береді. Бірақ ол алдағы сайлауда Анкара мен Ыстанбұлды жоғалтса, керісінше, Явас пен Имамоғлының президенттік талаптарына нүкте қойылуы мүмкін.

ӘДІЛЕТСІЗ НАСИХАТ

Бұрынғы сайлаулардағыдай, Ердоған осы жолғы науқан кезінде де мемлекеттік ресурстарды жиі пайдаланып, биліктегі артықшылықтарын ұтымды пайдаланып келеді. Түркияда БАҚ-тың 90%-ға жуығы үкіметтің немесе оның жақтастарының қолында. Медиа саланы бақылау тобының мәлімдеуінше, олар билеуші партия мен оның одақтастарының науқандарын насихаттайды. Ал оппозицияда мұндай мүмкіндік жоқ.

Оппозицияның сөзінше, мемлекеттік TRT телеарнасы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының алғашқы 40 күнінде билеуші партияға 32 сағат уақыт бөлсе, биліктің қарсыластарына 25 минут берген.

Сайлау қарсаңында Ердоған үй шаруашылықтарының жағдайын жеңілдету үшін ең төменгі жалақыны 49%-ға арттырды. Және де олқорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктерді көрсетуді жалғастырды. Айта кетсек, Түркияның отандық жойғыш ұшағы өткен айда алғаш рет көкке көтерілді. Сыншылардың пікірінше, бұның бәрісайлаушыларды биліктің жағына тарту әрекеттеріне көбірек ұқсайды.

КҮРДТЕРДІҢ ДАУЫСЫ

Күрд сайлаушылары Ыстанбұлдағы электораттың шамамен 10%-ын құрайды және де олардың таңдауы мэр сайлауында шешуші рөл ойнауы мүмкін.

Түркияда күрдшіл "Халықтар теңдігі және демократия" партиясы бар. Ол қысқаша DEM деп аталады. Бұл партия 2019 жылғы муниципалдық сайлауда Имамоғлыны қолдап, оның жеңіске жетуіне көмектесті. Алайда осы жолы ДЕМ өз кандидаттарын ұсынып, Имамоғлыны қолдауды азайтуы мүмкін.

Десек те, кейбір сарапшылардың пікірінше, бұл партия аса танымал емес екі кандидатты сайлауға ұсына отырып, Ыстанбұлдың қазіргі әкімін үнсіз қолдайтынын білдіріп отыр.

Сонымен қатар, DEM Түркияның негізінен күрдтер қоныстанған оңтүстік-шығыс аймақтарындағы муниципалитеттердің көпшілігінде жеңеді деген болжам бар. Бірақ партия оларда кейіннен билік ете ала ма?

Бұрнағы жылдары Ердоған үкіметі мұндаймэрлерді күрд содырларымен байланысы бар деген айыппен қызметінен алып, олардың орнына мемлекет таңдаған сенімді адамдарды қойды.

15 наурызда негізінен күрдтер тұратын Хаккари қаласында өткен митингте Ердоған халықты тыйым салынған "Күрдістан жұмысшылар партиясы" меңзей отырып, муниципалдық қаражатты "террористік ұйымға" аударатын адамдарға дауыс бермеуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу