Заңғар Нұрланұлы Түркиядағы жарыста үздік атанды

536

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Түркияның Измир қаласында өткен ITF Juniors J100 турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Заңғар Нұрланұлы Түркиядағы жарыста үздік атанды Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші финалда Түркияның жасөспірімдер арасында бірінші, осы жарыстың 1-ракеткасы Мелих Анаватанды тартысты матчта 3:6, 7:5, 6:2 есебімен ұтты.

Заңғар Нұрланұлы финалға барар жолда Түркияның тағы екі өкілінен айласын асырды.

"Финалдық бәсеке өте тартысты болды. Бірінші сетте есе жібергеннен кейін екінші партияда жоғары ойын деңгейін көрсете алдым. Қорытындысында жеңіске жетіп, жекелей сында 2024 жылдағы алғашқы титулыма қол жеткізгеніме қуаныштымын", - деді Заңғар Нұрланұлы.

Бұл – З.Нұрланұлының жекелей сында ITF Juniors жарыстарындағы үшінші табысы. Өткен жылы ол Армения мен Словакияда дәл осындай додаларда үздік шыққан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу