"Астананың" жеңіліссіз сериясына нүкте қойылды

742

Елордалық клуб Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуінде ұтылды.

"Астананың" жеңіліссіз сериясына нүкте қойылды

УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп жатқан "Астана" өз алаңында Хорватияның "Динамо Загреб" командасына есе жіберді, деп хабарлайды abctv.kz.

"Астана Арена" стадионында өткен матчта хорватиялық клуб 0:2 есебімен жеңіске жетті. Қарсылас команда қос таймда бір-бір голдан соқты. Марио Будимир мен Дани Ольмо мергендік танытты.

Осылайша, "Астана" футбол клубының жеңіліссіз сериясына нүкте қойылды.  Еске сала кетейік, елордалық клуб Чемпиондар лигасының өз алыңдағы матчтарында қатарынан 13 ойын бойы ұтылған жоқ. 2015 жылдың 13 шілдесінде басталған жеңіліссіз серияның "шырқын" "Динамо Загреб" бұзды.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу